43 мыңнан астам адам үйлеріне оралды

Республика бойынша 43 015 адам үйлеріне оралды. Бұл туралы ТЖМ өкілі Асқар Шәріп айтты.«Атырау облысы бақылауда. Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте 70 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, 202 мың қапшық төселді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде. Оның атап өтуінше, осы сағатта республика бойынша 43 015 адам өз үйлеріне оралды. 6 338 адам эвакуациялау пункттерінде. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 710 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 мыңнан астам адам, 1 529 техника, 226 су сору құралы және 100 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды. «Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Бұқтырма және Кіші Үлбі өзендерінде су деңгейі көтерілді. Алтай және Глубоковский аудандарына ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімі мен Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдары жіберілді. Аэровизуальды барлау жүргізілуде», - деді Асқар Шәріп.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасының ойындары қай телеарнадан көрсетіледі? 
Жыл басынан бері Парламент 104 заң қабылдады
Қарағандыда тағы 2 жайлы мектептің құрылысы аяқталды
Иван Дычконың жекпе-жегі кейінге шегерілді
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда 18 жаңа білім беру нысаны салынды
Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болған – Euronews
Алматы-Өскемен тас жолында желден жүк көлігі аударылып қалды
Ақтау әуежайы апатқа ұшыраған ұшақты қабылдауға дайын болды – Көлік министрі
Жоғары аудиторлық палата 2024 жылғы жұмысының қорытындылары
Сот вайнер Шерниязовтың өтініші бойынша шешім шығарды
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Медиасауатты дамыту, Euronews кеңсесі: ақпарат саласы бойынша биылғы жылдың маңызды оқиғалары
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды