45 матрос әскери борышын өтеп келді

Әскери-теңіз күштерінің 45 матросы әскери міндетін өтеп болып, бүгін аман-есен үйлеріне оралды. Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған азаматтарды ата-аналары мен жақындары ерекше сән-салтанатпен күтіп алды.Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Сайдың серке тасындай тізілген бұл жігіттер теңіздің тентек толқынында өз әскери міндеттерін орындап, үйлеріне оралды. Осыдан тура 1 жыл бұрын борышын өтеуге аттанған 45 матрос аман-есен дәл қазір ата-аналарымен сағынысып көріседі. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Отанымызға тыныштық берсін Алла, бейбітшілік болсын. Халқымыз аман болсын. Мына Отан алдындағы міндетті борышын абыроймен атқарып келгеніне өте қуаныштымын немеремнің. - Ақтауда присяга кезінде де болдым, ант беру кезінде. Сол кездегі мен қазіргі кездегі айырмашылық өте жоғары болып тұр. Әр үйдің үкілеп отырған көздің ағы мен қарасы нағыз ер азамат болып оралды. Темірдей тәртіпті үйренді, әскери шеберлікті меңгерді. Айболат АМАНКЕЛДИН, АҒА МАТРОС: Біраз нәрсе үйреніп келдім шынымды айтсам. Күнделікті таңертең тұру, тәртіппен жүру ол әркімнің қолынан келе бермейді. Күнде жүгіру, таңертең тұру, қару қолдануды үйрену, нарядка түсу негізі қиын нәрсе. Соның барлығын үйреніп, осы бір жылда өзімнің тәртібімді жақсартып келдім деп ойлаймын. Сарбаздар әскери борышын өтеген уақытта түрлі жорыққа шыққан. Қару қолданып, оқ атуды үйренген. Иран, Әзірбайжан, Ресейдегі әскери порттарда болып, тәжірибе алмасты. Жұмабек ХАСЕНОВ, ӘСКЕРИ-ТЕҢІЗ КҮШТЕРІ БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Бір жылдың ішінде біздің кеше ғана кеткен жас сарбаздарымыз қазір нағыз ер азамат болған, ер жүрек патриот болған. Біздің әскери теңіз базасының жақсы сарбаздары, матростар болып келді. Ол жерде көптеген тәрбиелікті көрді. Бүгін десантты шабуылдаушы батальонның сарбаздары да өз міндетін абыроймен аяқтап, туған қаласына оралды. Көзі қырағы, қайсар жігіттердің арқасында теңіздегі қазақ шекарасы тыныш, қорғаныс шебі мығым.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы іАлбанияны жеңді
Орталық төңірегіндегі тартыс
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл