4,6 млрд теңге заңсыз пайда тапқан: Бурабайдағы танымал казиноға айыппұл салынды

Ақмола облыстық прокуратурасы Бурабайдағы танымал казиноға тексеру жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Тексеріс барысында Бурабай ауданында орналасқан казиноның ұтыс пайызына қойылатын талаптарды сақтамағаны және ойын автоматтарын заңсыз пайдаланғаны анықталды. "Сот шешімімен казино әкімшілігі ҚР ӘҚБтК-нің 445-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 450 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, 4,6 млрд теңге көлемінде заңсыз жолмен алынған кіріс тәркіленіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Казиноның лицензиясы 6 ай мерзімге тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", – делінген хабарламада. Прокурорлардың айтуынша, казино "Ойын бизнесі туралы" заңды бұзып, екі жыл ішінде 4,6 миллиард теңге көлемінде заңсыз пайда тапқан. Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмаған 15 жасөспірімнің ойын мекемесінде жұмыс істейтіні анықталды, заң бойынша олардың еңбегін ойын бизнесінде пайдалануға тыйым салынған. "Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысы полицияға жүктелді", – делінген Ақмола облыстық прокуратурасының хабарламасында. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Черчесов Қазақстан құрамасынан кетуі керек пе? Магомед Адиев пікірін айтты
 Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» құрамын толықтырды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Түркістанда креативті хаб ашылды
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді