Батыс Қазақстан облысы тұрғынының үйінен полицейлер киік мүйізінің ірі партиясын тауып, тәркіледі.38 жастағы Ақжайық ауданы Чапаево ауылының тұрғыны ірі партияны шаруашылық құрылыста жасырған. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Дәлелдемелік базаны бекіту және ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіледі.