5-10 мың теңгені аяйсыңдар ма?: Министр бұйрығына қарамастан мектепте ақша жинау азаймай тұр

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте ақша жинайтыны туралы шағымдардың жиі келетінін жеткізді. Тіпті кейбіреулер әлеуметтік желідегі жеке парақшасына дауыстап хабарлама да жібереді екен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жеке парақшама күнде хабарлама келеді. «Сіз ақша жинамау керек деп айтып жатырсыз, бірақ кейбір белсенді ата-аналар мен мұғалімдер, сынып жетекшілері директормен бірге бұл мәселеге пысқырып қарамайды» деген шағым түседі. Тіпті дыбыс хабарлама да жібереді. Оны тыңдап отырып, кәдімгідей қатты ұяламын. Хабарламада «Иә, министрліктен ақша жинамасын деген бұйрық бар, бірақ ол бұйрыққа қарамаңдар, біз бәрібір жинаймыз. 5-10 мың теңгені аяйсыңдар ма?» деп оқушыларына дүрсе қоя берген мұғалімнің жазылып қалған сөзі келді. Сонда біз қайда бара жатырмыз?! Неге бізде берілген бұйрықты орындауға қауқар жетпейді?! Сонда біз қандай қоғамды құрып жатырмыз?», - деген министр жемқорлықпен күресуді әр адам өзінен бастауы керектігін жеткізді. Спикер әсіресе, мектептердегі «өлі жандар», есеп бөліміндегі жемқорлыққа қатысты өзге де былықтарды бірлесе жоюға шақырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Украина қазақстандық мұнай құбырына шабуылдады»: ҚазТрансОйл мәлімдеме жасады
Шымкентте полиция есірткі сатушылар тобын ұстады
Көксай көшіріле ме?
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді
Қазақстанда қанша қаржы компаниясы жұмыс істейді?
Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты
Музыка ғасыры Жанар Сүлеймановамен шексіз гармонияға саяхат
Елдос Сметов «Жылдың үздік дзюдошысы» марапатынан үміткер
Алматыда бейнебақылау арқылы қылмыс азайды
Мерзімді қызмет сарбаздары парашютпен алғаш рет секірді
Алматыда полиция студенттердің жатақханасын тексеріп жатыр
Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті
Алматыда полиция қарақшыларды ұстады
Бокстан Азия чемпионатында тағы бір алтынды Айбек Оралбай алды
Сағындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтынды салды
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
Қазақстандық фильм спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
«Назарбаев» әлі де өз күнін өзі көре алмай жүр...
Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді
Президент Хелен Кларкты қабылдады