Бүгін Қызылорда облысы Қазалы ауданында жеке кәсіпкер салып жатқан спорт кешенінің төбе ағаштары құлады. 5 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 4 азамат аудандық ауруханаға, 1 азамат теміржол ауруханасына «бас миының шайқалуы» диагнозымен қабылданды. Аталған факт бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.