5 жасар қыздың айуандықпен өлтірілуі: пробация қызметкері өзін ақтауды сұрады

Бүгін Сарыағаш аудандық сотында өз жұмысына салғырттық танытты деп айыпталған пробация қызметкері соңғы сөзін айтты.Түркістан облысында атышулы сот процесі аяқталуға жақын, – деп хабарлайды Aikyn.kz.39 жастағы сотталушы Сарыағаш ауданындағы 5 жасар Еркежан Нұрмаханды зорлау және өлтіру дерегіне қатысты іс бойынша айыпталған. Іс материалдарына сәйкес, пробация қызметкері ауыр қылмыс жасағанға дейін шартты түрде сотталған Сайдолим Ғаибназаровты қадағалауы керек болған. Журналистерге сот процесін сотталушының бет-әлпетін видеоға түсірмеу шартымен жариялауға рұқсат етілді. Прокуратура қызметкердің үстінен іс қозғап, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда сотталушының өзі құзырлы орган таққан айыппен келіспейді. Ол өзін ақтауды сұрайды және өзін кінәсіз санайды. «Мен өзімді кінәлімін деп есептемеймін және бұл бірінші сатыдағы сот тергеуі кезінде дәлелденді. Егер мен орындауға тиісті міндеттер туралы айтатын болсақ, онда көрсетілген тәртіп пен маған жүктелген міндеттер бұрмаланған, қабылданған және ойлап табылған. Осы бес ай бойы тергеу жүріп жатқанда отбасыммен ұйықтай алмай келеміз. Осы уақыт ішінде әкем тіпті екі рет ауруханаға түсті. Құрметті сот, жәбірленуші тарап мені ақтауды да сұрады. Жәбірленушілер маған қарсы арыз да жазбаған. Осының барлығын ескеріп, мені ақтауыңызды сұраймын», – деді сотталушы соңғы сөзінде. Сотталушыға үкім бүгін түстен кейін шығады. Судья кеңесу бөлмесіне кірді. Еске салайық, өткен жылдың шілдесінде Сырығаш ауданы Жібек жолы ауылында 5 жасар қыздың өлімі бүкіл қазақстандықтардың жағасын ұстатқан еді. Қылмыскер көрші үйде тұратын ер адам болып шықты. Оның қорасынан бірнеше пышақ жарақаты бар қыздың денесі табылды. Бұл ретте, ата-анасының айтуынша, сотталушы ауыл тұрғындарымен бірге 5 жасар қызын іздеуге қатысқан. Сот Сайдолим Ғаибназаровты өмір бойына бас бостандығынан айыру, химиялық кастрация жасау және қыздың ата-анасына 100 миллион теңге төлеуге үкім шығарды. Аса ауыр қылмыс жасағанға дейін ол кісі өлтіргені үшін 10 жылға жуық жазасын өтеп, 2023 жылы мамырда досын жарақаттағаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Көпшіліктің наразылығынан кейін Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
15 желтоқсанға арналған валюта бағамы
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Қазақстанда автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» ұғымы енгізілді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Трамп ABC News-тен 15 миллион доллар өндіріп алды
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
Грузияда мейрамханадан 12 адамның мәйіті табылды
Ақсуат ауданында пәтер кілттері табыс етілді
#Qazalemi. Нұрлан Қоянбаев 16 желтоқсанға орай байқау жариялады
Құлсарыда спорт мектебінің бухгалтері 55,3 млн теңгені негізсіз жұмсаған