TikTok-та домбырамен күйді бір мезетте орындағандар Желіні тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz.Видео dombra.academy TikTok-парақшасында пайда болды. Видеода 8 елден жиналған 11 адам "Ирина Кайратовна" тобының "Көк ту" әніндегі танымал күйді орындайды. "Бұл 5 құрлықтан 10 түрлі уақыт белдеуінде болуына қарамастан онлайн жиналған менің 11 студентімнің 2 апталық еңбегі! Бұл жобаны мақұлдау оңай болмады, көп еңбектендік, бірақ нәтиже көңілімнен шықты", - дейді видео авторы. Оның сөзінше, қатысушылардың жасы 15 пен 60 жас аралығында екен. "Бұл кез келген адам жасына, жынысына, елі мен тәжірибесінің бар-жоғына қарамастан домбыра тартуды үйрене алады деген сөз", - дейді видео авторы. Видеоны көрген Желі қолданушылары домбырашылардың өнеріне тәнті болған. "Домбраның популизация жасап жатқаңызға мың алғыс , ісіңіз алға бассын""Мәссаған! Ішімдегі қазақ айғайды салды! Керемет""Домбыраның үні қандай керемет!"Еске салайық, бұған дейін қазақша ән айтатын кореялық азамат енді домбыра тартуды үйреніп жүргені туралы хабарлаған болатынбыз. Кореялық әнші Сон Вон Соб бірнеше заманауи қазақ шығармаларын корей тіліне аударып орындады. Қазақстанға екі рет жасаған сапардан кейін оның репертуарында халық әні пайда болды.