5 млн-нан астам қазақстандық көліктерін онлайн тіркеген

5 млн-нан астам қазақстандық автомобильдерді онлайн қайта тіркеу қызметін пайдаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді. ІІМ онлайн-қызметтері смартфондарда іске қосылған сәттен бастап оларды 7 млн-нан астам азамат, оның ішінде 5,3 млн автокөлік сатып алушылар мен сатушылар пайдаланды. Жыл сайын автомобильдерді сатып алу-сатуды рәсімдеу және қайта тіркеу үшін ХҚКО-ға шамамен 6 млн адам келеді. Әрине, бұл ХҚКО-ға барумен, олардағы кезекті күтумен, мәмілені рәсімдеу кезінде автокөлік сатушысымен есеп айырысу үшін өзімен бірге үлкен соманы алып жүру қажеттілігімен байланысты қолайсыздықтар туғызды. "Осыған байланысты ІІМ халыққа ыңғайлы болу үшін елге танымал банктердің мобильді қосымшаларында автокөліктерді онлайн-қайта тіркеу бойынша сервис іске қосылды", - деп атап өтті министрлік өкілі. Айтуынша, бұл сервис сатушы мен сатып алушыға сатып алынатын немесе сатылатын автокөліктерге салықтар мен айыппұлдарды тексеру мен төлеуден бастап мемлекеттік нөмірлерді ұсынады. Оның ішінде «беделді» нөмірлерді, сондай-ақ автокөлік иесіне сатып алынған автокөліктерге құжаттар мен нөмірлерді алуға ыңғайлы болатын ХҚКО-ны таңдауға дейінгі қызметтердің бүкіл циклін алуға болады. "Ведомство онлайн-сервистер арқылы автокөлікті бастапқы тіркеуді іске қосуды жоспарлап отыр. ІІМ атап өткендей, барлық мемлекеттік органның ішінен ведомство халық үшін негізгі көрсетілетін қызметті беруші болып саналады. Мобильді қосымшалар қарапайым және түсінікті, ал оларды пайдалану көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік органдармен байланысын болдырмайды. Сондықтан министрлік көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді смартфондандыруды жүргізеді", - деп түсіндірді Шұғыла Тұрлыбек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Қазақстанда үш кассациялық сот құру – сот жүйесін жаңғыртудың қадамы
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты