Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде осы жылдың статистикасы негізінде банкрот жеке тұлғаның портретін жасады.Бүгінгі күнге 5 мыңдай азамат қаржылық ұйымдар алдында банкрот деп танылды. Олар 5 жылдан астам уақыт бойы берешегін төлемей жүрген 58% ер және 42% әйел азаматтар. Қазіргі таңда 6,2 мыңға жуық соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш қабылданды, оның 58%-ы ерлер және 42%-ы әйелдер. Банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы 36-дан 45 жасқа дейін. Олар жалпы банкроттардың 35% құрайды. Ең жасы - 19 жаста, қарты – 76 жаста. Азаматтардың бұл санаты тұрақты жұмысы жоқ, демек өз берешегін өтеуге қаражаты жоқ екені белгілі. Сондай-ақ, ҚНРДА-мен бірге халықтың қарыздық ауыртпалығына жол бермеу бойынша заңнамалық жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, қарыздарды алу талаптарын қатаңдату жоспарланып отыр, оның ішінде мерзімі 90 күннен асып кеткен қарызы барларға тыйым бар.