5 облыс әлі су басу аумағында тұр

Су тасқынына байланысты еліміздің өңірлерінде жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов айтты.«Министрлік су тасқыны салдарын жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіруді жалғасып жатыр. Министрліктің, әкімдіктердің, Қорғаныс, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитет бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Әрекет ету жедел санатта жүзеге асырылуда. Су тасқының жағдайы тұрақты – күрделі. Батыс аймақтарда су аздап төмендеді, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Су басу аймағында 5 облыстар қалуда, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды», - деді вице-министр. Оның атап өтуінше, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жағдай әлі де күрделі. Бұл жерлерге дереу күштер мен құралдар жұмылдырылып, жіберілді. Өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар аймағынан ең алдымен мүмкіндігі шектеулі адамдар, қарттар, әйелдер және балалар қауіпсіз жерге шығарылды. Су тасқыны кезінен бастап 15 мың 786 адам құтқарылды. Оның ішінде 6 187 бала бар. Адам шығынына жол берілмеді. Қазіргі таңда уақытша орналастыру пункттерінде 4 113 адам, оның ішінде 1 911 бала бар. Олар үшін барлық қажетті жағдай жасалған», - деді Бауыржан Сыздықов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды облысында пештен шыққан ақаудан мешіт толық жанып кетті
Жол жабылып, рейстер тоқтатылуы мүмкін: Астанада қалың қар жауып, боран соғады
Айбол Әбікен Түркияда «Қайсардың» қатарына қосылды 
Жол жабылып, рейстер тоқтатылуы мүмкін: Астанада қалың қар жауып, боран соғады
Қарағандыда жеке клиникаға ота жасатуға барған ер адам көз жұмды
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісімге келді
Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістан облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдарда шектеулер енгізілді
Шымкент: Тұран ауданында абаттандыру бойынша 40 жоба жүзеге асырылды
Астанада 1 200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Қостанайда жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойған
11 келіге арықтадым. Айжұлдыз Адайбекова салмақ тастау әдісімен бөлісті (ВИДЕО)
11 келіге арықтадым. Айжұлдыз Адайбекова артық салмақтан қалай құтылған (ВИДЕО)
«Пікірімді ешкім сұраған жоқ»: Черчесов отставка туралы айтты
Ресейде Қазақстанның 9 азаматы ірі жол апатына түсіп, екеуі қаза тапты
Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Астанада 1200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Бурабайда 2024 жылы демалған туристер саны бір миллионнан асады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістандық жол сақшылары жүргізушілерді мұқият болуға шақырды
Астанада он алтыншы «жайлы мектеп» ашылды (ВИДЕО)