5 сағат бұрын полицейден ескерту алған: Атырауда жүргізуші адам өліміне себеп болды

Атыраулық жүргізуші күндіз көлік жылдамдығын асырғаны үшін полицейден ескерту алған. Алайда 5 сағат өткеннен соң жол апатын жасап, өзге жүргізушінің көз жұмуына себепкер болған, деп хабарлайды  Атырау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Департамент мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 22 желтоқсанда болған. «Жергілікті уақытпен сағат 20:00 шамасында Ақтөбе-Атырау-Ресей федерациясының шекарасы (Астрахан бағыты) тас жолының 513-514 шақырымы аралығында Toyota Avalon және ВАЗ-2114 автокөліктері соқтығысты. Жол апатының салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігінің 1988 жылғы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр», - делінген хабарламада. Белгілі болғандай, патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күндізгі сағат 15:00 шамасында Toyota Avalon автокөлігінің 1999 жылғы жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабының 1-бөлігімен (Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру) әкімшілік хаттама толтырған. Аталған жүргізушінің бұған дейін аталған құжаттың 592-бабының 1,3,4-бөлігімен, 593-баптың 1,3-бөлігімен, 600-баптың 1-бөлігімен бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірнеше рет ескерту алғаны анықталған. «Алайда көлік жүргізушісі 5 сағат бұрын ескерту алғанына қарамастан жол апатын жасап, өзге жүргізушінің көз жұмуына себепкер болып отыр. Осыған байланысты жүргізушілер назарына жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз», - делінген ПД мәліметінде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады