5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасына өзгерістер еңгізілді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасы қысқартылды. Сондай-ақ, ойындардың бағдарламасынан көрнекі спорт түрлері жарыстар алынды.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру Комитетінің төрағасы Роман Склярдың төрағалығымен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге дайындық туралы кеңес өтті.Кеңеске ҚР Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының басшысы Наиль Нұров, Мәдениет және ақпарат, Қаржы министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.Дирекция басшысы Наиль Нұров ойындарға дайындық барысы туралы, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бюджетті қысқарту жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы толығырақ айтып берді.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірлеріндегі күрделі су тасқыны жағдайын ескере отырып Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік іс-шаралардан бас тартуды және алда өтетін Көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығындарды қысқартуды тапсырды.«Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым. Сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартамыз. Әрине, қазір бұл шарадан түпкілікті бас тарту мүмкін емес. Бірақ оған жұмсалатын қаржы көлемі айтарлықтай азаяды. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады», – деді Мемлекет басшысы су тасқыны салдарынан эвакуацияланған Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесуде.Президент тапсырмасына байланысты 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекциясы спорттық бағдарламаға өзгерістер және ұсыныстар енгізді.Ойындар бір күнге қысқартылып, енді іс-шара 8-13 қыркүйек аралығында өтеді.«Ссирым» ойыны толығымен алынып тасталды. «Мас-рестлингтен» 4 салмақ дәрежесі алынып тасталып, 8-і ғана қалды. Медальдар ерлер арасында 5 салмақ дәрежесі бойынша, ал әйелдер арасында 3 салмақ дәрежесінде ойнатылатын болады. «Көкпар» 6 күннен 3 күнге қысқартылды. «Алыштан» салмақ дәрежелері екі есе қысқартылды. «Құраштан» 3 салмақ дәрежесі алынып тасталды. «Арқан тартыс» тек 2 салмақ дәрежесі бойынша ерлер мен әйелдер арасында өткізілетін болады.Ойындардың спорттық бағдарламасына «Көкбөрі» және «Кореш» қосылды. Қырғыз ойына Көкбөрі олимпиадалық жүйе бойынша 3 күн ішінде өткізіледі. Кореш татар белдік күресі тек ерлер арасында 4 салмақ дәрежесінде өтеді.Сондай-ақ, кеңесте еріктілердің, ұйымдастыру комитетінің, төрешілердің мен қызметкерлердің киім нұсқалары таныстырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маңғыстауда 4 елді-мекенде интернет жоқ
Спортты дамыту дирекциясының басшысына қатысты тергеу аяқталды
14 дүркін чемпион! Қазақстандағы ең мықты боксшылардың есімі аталды
Қазақстанның Бакудағы Елшілігінде ту төмен түсірілді
Бокс: Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман қайта кездесуі мүмкін
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Зерттеу: ұшақтың артқы жағы апат кезінде қауіпсіздеу болады
Алматыда 85 қазандық қайта жөндеуден өтті
«Пилот болмағанда бәріміз өлетін едік»: Ұшақ апатынан аман қалған адам тың дерек айтты (ВИДЕО)
Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Шымкентте жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды
Ұшақ апаты. "AMANAT" партиясы қаза тапқандардың отбасыларына қолдау көрсетеді
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың экипаж мүшелері - Әзірбайжан азаматтары
Алексей Чуркин ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионы атанды
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қызылордада оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған: әйел сотталды