Әйел хабарлама жазған адаммен қызының орнына сөйлескен.5 сынып оқушысына WhatsApp-пен интимдік сипаттағы хат жазған жігіт ұсталды. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 10 жасар қызға WhatsApp мессенджері арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазған 19 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты. 5 сынып оқитын қыз баланың анасы арызданған соң полиция күдіктінің іс-әрекетін тергеу бастады. Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 желтоқсанда полицияға әйел өзінің 10 жасар қызына белгісіз адам WhatsApp мессенджері арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазды жүгінген. Әйел хабарлама жазған адаммен қызының орнына сөйлесіп, кездесу ұйымдастырған. Ер адам белгіленген жерге көлікпен келгенде видеоға түсіріп, сол арқылы полицияға жүгінген. "Полиция 19 жастағы жігітті ұстады. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, - делінген баспасөз мәліметінде.