50-ден асқанда АҚШ-қа көшкен қазақстандық такси болып, екі айда көлік алған

50-ден асқан шағында Америкаға көшкен Алматы облысының тұрғыны курьер болып жұмыс істеп, бар жоғы екі ай ішінде көлік сатып алған, деп хабарлайды Астана телеарнасы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.Бұл туралы оның келіні Гүлжанар әлеуметтік желіде влог түсірген. Оның сөзінше, атасы жасына қарамастан, ағылшын тіліндегі өзіне қажет сөздерді үйренумен қатар, iPhone-ның да қыр-сырын әбден үйреніп, жұмыстың ебін тапқан. «50-ден асқан атам Нью-Йоркте жұмыс істейді. Атама Ubereats ұнап тұр. Таңертен термосына маманың бал шайын құйып алып, көлігімен жұмысқа кетеді. Жақында алған Kia-сы да үйлесе қалды. Басында тілден қиналса, қазір біраз сөйлемді біліп алған. Аударылмаған сөйлемін скриндап ап, скриндағы сөзді бірден аударып беретін iPhone-ның қасиетін де үйренген. Өз табысына өзі риза. Күніне $150-200 тауып, қуанып келеді, кешкісін әңгімесін тыңдап арқа-жарқа боп шәй ішеміз. Бір ебін тапқан жұмыс өзі үшін. Қайраты мен "істеймін" деген қажыры бізге үлгі. Жігітімнің сол қасиеті әкесінен дарыған. Шүкір! Алып мемлекеттің мүмкіндігін қолынан келгенше пайдаланғысы келген атамның бұл әрекеті - таза еңбек», - деп жазған келіні Гүлжанар. Оның ұлы Ербол Молдажанов ағылшынша білмейтін ауыл қазағы Америкада не істей алатыны жайлы бөліскен. «3 ай бұрын мұхит асқан әкемнің бір күндік жұмысын көрсеткіміз келді. Соңына дейін қарасаңыз, Нью-Йоркта тамақ жеткізу арқылы күніне қанша табуға болатынын байқайсыз.Тіл білуден де маңызды нәрсе ол - заңды статус. Жұмысқа рұқсат қағазың мен ssn (біздегі ЖСН) болса, тасың өрге домалады деген сөз. Оны алудың бірнеше жолы бар. Ал ең абзалы - Грин карта. Жасыл карта лотереясына жылына тек бір рет тапсыра аласыз. Өтініш қабылдауға бір-ақ апта қалды. Америкада бірнеше жыл өмір сүріп, білім, тәжірибе, қаражат жинағысы келіп жүрген жандар қапы қалмаңыздар. Бақты бір сынап көрер сәт деп білемін»,- деп жазды ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"