50-ден астам елордалық ауру мысық сатып алған

Елордада белгісіз біреулер онлайн жарнама арқылы ауру мысықтарды сатқан. Үй жануарына қызыққандарды алдап, дені сау деген жалған құжат ұсынған. Және бұл жағдай бір емес, бірнеше рет қайталанған. 7 жылға ұласқан сауда тыйылар емес. Ал ветеринар мамандар жұқпалы дерттің қауіпті екенін айтып, дабыл қағуда. Елордалық Аида ОЛХ желісі арқылы асыл тұқымды мысықты 80 мың теңгеге сатып алған. Сатушы жануардың екпе алғанын айтып, жалған құжат берген. Алайда, бірер күннен кейін мысықтың ауру екенінін біліпті. Қызық көремін деп шыжыққа батқан ол мысық емдетемін деп онан сайын шығындалған. Аида ДАУТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мысықты сатқан адам оның сау екенін айтып, жалған құжаттар берді. Сол күні үйге жеткенімде мысықтың ауру екенін бірақ аңғардым. Бірден сатқан адамға хабарласып, мән-жайын сұрадым. Ол мысықтың бейімделу кезеңі деп алдап соқты. Бүгінде 50-ден астам тұрғын мысық аламын деп, қалтасынан қағылып, алданып отыр. Ольга Тультаева да дәл осылай сәтсіз сауданың құрбаны болған. Ольга ТУЛЬТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Сатушымен байланысқа шығып, келіскен жерде мысықты алдым. Бірінші күні күдікті ештеңе аңғарғаным жоқ. Келесі күні мысық тамақ ішпей, іші өте бастады. Көп созбай мамандардың көмегіне жүгіндім. Ол мысықтың оба ауруына шалдыққанын айтты. Ізін суытқандар асыл тұқымдас мысықтарды 50 мыңнан 200 мыңға дейін бағалап, сатқан. Дәрігерлердің айтуынша дерт жұқпалы, әрі қауіпті. Виктория МАЛАХОВА, МАЛ ДӘРІГЕРІ: Медецина тілінде бұл аурудың түрін панлейкопения деп атайды. Бұл мысықтардың аса қауіпті вирустық ішек ауруы. Осы ауруға шалдыққан мысықтар кем дегенде 3 күн өмір сүреді. Алғашқы белгілері диарея, дене ыстығының көтерілуі, тәбетінің болмауы. Зардап шеккендер желіде жарияланған жарнаманың басым көпшілігі бір жерден берілгенін айтып отыр. 7 жыл қатарынан алдап жүргендер әлі де жауапқа тартылмаған. Болатхан ТҮЛЕГЕНОВ, ЕСІЛ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖПҚ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жануарлар қорғау ассоциациясынан өтініш бізге келіп түсіп тіркелді. Және де қазіргі уақытта қаралуда. Бұл пәтер иесі анықталып, қазіргі уақытта ол кісі қалада болмағандықтан бұл кісіден осы жағдай бойынша жауап алынбады. Жәбірленушілер екі ұжымдық өтініш жазған. Олардың сөзінше бұндай жағдай еліміздің өзге де өңірлерінде тіркелген. Сондықтан мамандар үй жануарларын зоодүкеннен , не арнайы орталықтан сатып алуға кеңес береді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қызылордалық оқушы секс-құлдыққа түскен: жаңа дерек пайда болды
Алматы халықаралық әуежайында Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырылады
Түркістан облысының тумасы, Азия чемпионы Сағындық Тоғамбай туған жерге оралды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Астана-Бурабай бағытында жаңа туристік электр пойызы іске қосылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Президент тапсырмасы: Жас ғалымдарға пәтер берілді
Павлодар облысында полицейлер инсульт алған әйелді құтқарды
Маңғыстаулықтар Азия чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетовті салтанатпен қарсы алды
Азия боксының жаңа дәуірі: Asian Boxing өз жұмысын бастады
Астананың бір ауданы жарықсыз қалды
Азия боксының жаңа дәуірі: Asian Boxing өз жұмысын бастады
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Қаңтардан қаңтарға дейін...