500 күн бойы үңгірде тұрған

Экстремалды спорт түрлерімен айналысатын испаниялық Беатрис Фламини 500 күннен кейін үңгірден шықты. Ол осы уақыт аралығында мына әлеммен байланысын үзіп, үңгірде жалғыз өзі өмір сүрген. Бұл жаңа әлемдік рекорд ретінде тіркелуі мүмкін, деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ. BBC-дің Орыс қызметіне сілтеме жасап.Басылымның жазуынша, Беатрис Испаниядағы Гранада үңгіріне бүкіл әлем COVID-19 ауруының шырмауында болған кезде, яғни 2021 жылы түскен. Бұл ғалымдар жіті қадағалаған эксперимент болған."Мен әлі сол 2021 жылғы 21 қарашада қалып қойғандаймын. Себебі, әзірге әлемде не болып жатқанынан хабарым жоқ", - дейді ол үңгірден шыққан кезде.Қазір Беатрис Фламини 50 жаста. 48 жасында үңгірде түскен спортшы ол жерде жалғыз өзі туған күнін екі рет атап өткен. Сондай-ақ Беатрис 70 метр тереңдікте өткізген 500 күнде сурет салумен, бас киім тоқумен, кітап оқумен және спортпен айналысқан. Осы аралықта ол 60 кітап оқып, 1000 литр су ішкен. Спортшыны қашықтықтан дәрігер-психологтар, үңгірлерді зерттеумен айналысатын спелеологтар бақылап отырған. Алайда олардың ешбірі Беатриспен тікелей байланыспаған. Беатрис үңгірдегі ең жағымсыз оқиға ретінде шыбындарға таланғанын және есту қабілетінің галлюцинациясы болғанын атап өтті."Айналаның бәрі тып-тыныш. Егер өз-өзіммен сөйлеспей қалсам, онда ми қандай-да бір жалған дыбыстардың шығып жатқанына сендіре бастайды", - дейді ол.Басылымның хабарлауынша, ғалымдар бұл экспериментті әлеуметтік оқшаулану кезінде адамдардың уақытты қалай қабылдайтынын зерттеу үшін жасаған. Беатристің өзі де, үңгірге түскеннен кейін екі айдан кейін күн санауды қойғанын, ал жарыққа шыққанда үңгірде 160-170 күндей болдым деп ойлағанын айтады.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақтағы қарбалас кезінде адамды аман алып қалған: оқиға туралы не белгілі?
Еуропа қайта құру және даму банкі Африка елдері мен Иракта жұмысын бастайды
Қазақстанда ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Сербияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді
Көшпенділер қалашығына жол салынбақ
Алматылық нейрохирургтер бала өмірін сақтап қалды
Алматыда төбелескен Үндістан студенттері еліне қайтарылады
Бактериялар Альцгеймер ауруын тудырады
Қазақстанда алаяқтар 24 миллиард теңгені жымқырған
Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
Көлік салығы толығымен алынып тасталды
Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізуге негіз жоқ
Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қар тазалауға көліктер кедергі келтіруде
Тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеңіздер
Қаладан 15 200 текше метрге жуық қар сыртқа шығарылды
2024 жылы полиция есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасын жойды
2025 жылы қандай бағдарламамен үй алуға болады?
Қар да кәдеге асады
Маңғыстауда екі тоннаға жуық бекіре балығы тәркіленді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Алматы қаласында алғашқы қар еріту пункті іске қосылды
NASA ғарышкерлері қаңтарда ашық кеңістікке екі рет шығады