53 жастағы атыраулық биші Ерғалым Карпеков атыраулықтарды қала күнімен ерекше құтықтады, деп хабарлады kaz.nur.kz. Басылым жазуынша, Ерғалым Карпеков қала күніне орай Ретро саябағындағы "Дос Мұқасан" тобының құрметіне қойылған ескерткіштің жанында заманауи стильде би билеп, туған қаласына деген махаббатын ерекше білдірген. "Осы жерде туып-өстім, осында өз махаббатымды және достарымды кездестірдім. Осы үшін ризамын. Туған күнің құтты болсын, Атырауым!", - дейді 53 жастағы биші. Басылым мәліметінше, Ерғалым Карпеков бұған дейін де туған қаласына деген махаббатын би арқылы жеткізген. Мысалы, ол 2016 жылы қаладағы "Мен сүйемін" стелласының алдында "Атырау, махаббатқа сенемін" музыкалық композициясы әуеніне (орындаушы Li Long) топ-рок стилінде би орындаған.