Түркияда сот ғимаратына суық қарумен шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Анадолы басылымына сілтеп.Ыстамбұлда қарулы шабуылды ұйымдастырған ер адам мен әйел адам екені анықталған. "Қазіргі уақытта бізде 34 ұсталған адам бар. Бес прокурор мен Бас прокурордың орынбасары болған оқиғаның барлық мәліметтерін анықтауда", - деді Түркияның ішкі істер министрлігінің басшысы Али Ерликая. Қару асынған ер мен әйел Чағлайан ауданында орналасқан сот ғимаратындағы күзет бекетіне шабуыл жасап, тәртіпті бұзған. Салдарынан 6 адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Жараланғандардың үшеуі полиция қызметкерлері екені анықталды.