"6 және 11 айлық нәрестелерге қосымша екпе салдыру тәртібі орнауы мүмкін",-вице-министр

Елде қызылшаға қатысты эпидахуал асқынып тұр. Жыл басынан бері 11 мыңнан астам адам дерт жұқтырған. Науқастанғандардың дені- 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл жағдайға қатысты денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді. Қай өңірде ауру өршіп тұр? Тілшілер жеткізеді. Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Алматыда қызылша жұқтырғандар наурыз айынан бастап күрт көбейді. Былтыр мегаполисте дерт тіркелмеген. Ал қазір науқастар саны-2062. Оның 82% -бала. Вирус балалар арасында жылдам тарап жатыр. Басты себеп- ата-аналардың вакцинадан бас тартуы. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Менің өзімнің ойымша маңызды, ол баланың антителасы ғой. Балаға керек қорғаныс, жұқпау үшін. Бала ауырмау үшін қабылдау керек негізі. Мен өз басым қарсы емеспін. Біздің жақын танысымыздың баласы, біреуі ауырып шықты кеше, біреуі қазір больницада жатыр. Қызылшамен ауырып жатыр. - Они могут инфеуировать… Екпе алмайтындар басқа баларға жұқтыру мүмкін. Мектепте бәрі бірге жүреді, барлық баланы ойлау керек қой. Бізге кішкентай кезімізде салатын, жаман болмадық. Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше мегаполистегі жұқпалу ауру өзге елдерден келгендер мен егілмегендер арасында тараған. Гүлянда ӘБДІКӘРІМҚЫЗЫ, БАЛАЛАР ИНФЕКЦИОНИСІ: Кішкентай балаларда 1 жасқа дейін өте ауыр түрлері болуы мүмкін. Пневмония, құлақтың қабынуы, отит және кейбір жағдайларда өте сирек жағдайда инцефалит, минингит асқынуларымен жүруі мүмкін. Қызылшаны жұқтырғандар санының өсуі Қазақстанда ғана емес, әлемде тіркеліп отыр. Негізгі себептердің бірі, коронавирус кезінде басқа ауруларға қарсы вакцинаның жүргізілмеуі дейді денсаулық сақтау вице-министрі. Сондықтан енді 6 және 11 айлық нәрестелерге қосымша екпе салдыру тәртібі орнауы мүмкін. Тимур СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Қазақстанның главный санитарный врачы қосымша балаларға екпе жүргізу туралы шараны айтып кеткен болатын ол 6 айлық және 11 айлық балалар арасындағы балаларға екпе. Сонымен қатар 2 жастан жоғары 5 жасқа дейінгі балаларға қосымша екпені жасау. Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Алматы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Ауруханалар қатаң карантиндік режимде жұмыс істеуде. Вирус сондай-ақ, Шымкент, Алматы және Жамбыл облыстарында да өршіп тұр. Ал Батыста қалай? Оны әріптесім Бахыт Рахметова айтады. Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Ақтөбеде 1700 жуық адам қызылша жұқтырған. Оның дені -балалар. Әсіресе бір жастан бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында дерт өршіп тұр. Дәрігерлер стационарға күніне 30- 35 адамға дейін түсіп жатқанын айтады. Нұргүл САРМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС ПЕДИАТРЫ: Негізі қызылшамен бес жасқа дейінгі балалар,бір жасқа дейінгі балалар проценті 25 пайыз , ал 126 бала ауырған бүгінгі күні. Ал бес жасқа дейін 87,9 пайыз құрап отыр. Облыста қызылшамен ауырған науқастарға 272 жатын орын бар. Қазір149 адам Ақтөбеде, 33 науқас аудандарда ем алып жатыр. Оның -136 бала. Бір жасқа толмаған екі сәби қарқынды терапия палатасында ем алған. Майра НҰРҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Оның біреуінің жағдайы тұрақталып, бөлімшеге ауыстырдық. Ал екінші балада жоғары температура, одышка, пневмония ол емін алып жатыр. Облыс орталығынан бөлек Мұғалжар мен Ырғыз аудандарында да эпидахуал мәз емес. Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Эпид жағдайды тұрақтандыру үшін Ақтөбе облысында 6 қарашадан бастап, алты айдан 11 айға дейінгі сәбилерге , ал 5 желтоқсаннан бастап 2-жастан 5-жасқа дейінгі бүлдіршіндерге қызылшаға қарсы екпе егілетін болады. Дәрігерлер қызылшамен ауырған жандар уақыт өте келе қауіпті панэнцефалит дертіне шалдығуы мүмкін екендігін ескертуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адамсенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Тәуелсіздік таңы атқан күн
Өзбек боксшысына кеткен "алтын" қазаққа қайтты