Актриса Әсел Асқар тау бөктерінен үй алғанын айтты. Өнер иесі жылжымайтын мүлікке қол жеткізу үшін 6 жыл бойы қаражат жинаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бұл жайлы Әсел Асқар Instagram парақшасында айтты. "Сүйінші! Алматының төрінен, Алатаудың бөктерінен үй алдым. 32 жастағы кішкентай ғана келіншек болсам да, көбісінің қолынан келмейтін үлкен іс жасадым. Осы үйді алу үшін 6 жыл бойы ақша жинадым. Өз мақсатыма жеттім. Пәтер емес, жер үй алуды ойладым. Сөйтіп 300 шаршы метр үй алдым. Құттықтап қойсаңыздар болады. Сіздерге де жұғысты болсын", - деді актриса. Желі қолданушылары актрисаның қуанышына ортақтасып, жылы лебіз білдірді. "Құттықтаймын", "Жарайсыз", "Жұғысты болсын", "Осы үй бақыт әкелсін", "Қуаныштымын", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.