"6 жылдан бері ақыретті көріп келе жатырмыз". Ақмола облысы Ержер ауылының тұрғындары осылай деп наразылық білдірді. Елорданың іргесіндегі ауылға апарар жол жоқ. Жұрт жаңбыр жауса тізеден балшық кешуге мәжбүр. Ұмыт болған өлкеде қордаланған мәселе көптігін айтып арнамызға шағымданған ағайынның жан айқайын тілішіміз Дәрібек Бахытбек тыңдап қайтты. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:Құдды бір айдала дерсің. Мынау жолмен көлік түгілі, адамның өзі жүруі қиын. Ал Ержер ауылының тұрғындары қалаға күн сайын осылай қатынайды. Әуелі ауылға кіріп, айналаны түгел араладық. Көзге 1 метр тас жол көрінбеді. Тұрғындар өздігімен ақша жинап, сан мәрте тас төгіп, әрекет қылса да, нәтиже шықпапты. Асылбек АҚМЫРЗАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:Көп әңгіменің тоқетері бізге жол керек. 6 жылдан бері ақыретті көріп келе жатырмыз. Енді былтыр ғана ауылымызға жарық келді. Енді сұрайтынымыз - жол. Біз жолды асфальттап бер демейміз. Жолды көтеріп, тас төгіп берсе де, біз соған рақмет айтар едік. Ержер ауылының негізі қаланғанына 6 жыл болды. Елдімекенге содан бері жол түспеген. Мұнда 50 - ге жуық үй бар. Тұрғындар жауапты мекемелердің табалдырығын талай тоздырған. Бірақ мардымды жауап жоқ дейді.Светлана ЛИТВИНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:Әкімдік кейде келіп, тек уәде беріп кетеді. Нәтиже жоқ. Қыста боранда жаяу жүреміз. Техника жібермейді. Саны шектеулі дейді. Жағдайымыз осы. Шаршап кеттік. Ауылда жол ғана емес, мектеп пен медициналық пункт те жоқ. Жұрт балаларын көршілес елдімекендерге не қалаға апарып, оқытады. Ал жедел жәрдем мүлдем ауылға келген емес дейді. Қият ҚАЛЖАСБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:Мен, міне, үш жыл бойы осыдан жаяу қысты күні көктемде мына жерден 1,5 км екі баламды жетектеп мына зиратқа дейін барамын. Зираттан машинаға отырғызып, киімін ауыстырып, дальше мектепке апарамын. Сонда балаларымның айтатыны, жүрегіме бататыны -"папа бізге қашан жол салады"? Осы сөз міне жүрегімде тұр. Ал әкімдіктегілер бұл мәселеден хабардар екенін жасырмады. Айтуларынша, Ержер ауыл емес, саяжай болғандықтан, жол секілді басқа да инфрақұрылымдарды тұрғындар өз қаражаттарына салуы қажет. Гомар НАКУПОВ, ТАЛАПКЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:ҚР Жер кодексіне сәйкес аталған жер телімдері ол тек қана саяжай құрылысына арналған. Бұл жердегі тұрғындардың бәрі тұрғын үй емес. Сондықтан бұл жер учаськілеріне ауданнан, облыстан болсын бізден болсын жолға және электр жарығы болсын. Тоқсан ауыз сөздің түйіні тұрғындар өз жағдайларын өздері жасауға мәжбүр.
Жаңалықтар
!["Қыздарды өзге ұлт өкіліне шығуға шақырған емеспін". Фариза Ескермес неліктен орыс жігітті таңдағанын түсіндірді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561656/image.png.webp)
![Түркістандық ата-ана Кореяға жұмысқа бару үшін баласын мешітке тастап кеткен](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561651/image.jpg.webp)
!["Ұмраға жолдама". Дина Төреәлі ағасы Төреғалидің тұңғышының туған күніне не сыйлағанын көрсетті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561642/image.jpg.webp)
![Шымкенттік дәрігерлер инсульт алған жас жігітті аман алып қалды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561635/image.jpg.webp)
![«Орыс жігіттердің өзі қазақша сөйлейді» – Әлімхан Сыздықов](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561627/image.jpg.webp)
!["6 айлығымда аузыма ақын Қайыпназар Әйтпенов түкірген". Төреғали Төреәлі қазақтың ырымына қатысты пікір білдірді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561622/image.jpg.webp)
!["Ішкі көңіл-күй астан-кестен боп жүрді". Бағлан Әбдірайымов жан сырын ақтарды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561609/image.jpg.webp)
!["Бәрі керемет деп айта алмаймын". Танымал қазақстандық блогер ұлының жағдайын айтты](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561596/image.png.webp)
![Астанада репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561613/image.jpg.webp)
!["Шымкенттен арнайы келген". Руслан Берденов ешкім күтпеген рәсімді орындады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561583/image.jpg.webp)
![Қазақстандықтар әйгілі кубалық боксшыға шапан жапты](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561580/image.jpg.webp)
![Журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының иегерлері анықталды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561577/image.jpg.webp)
![Қазақстандық компания Еуроодақтың санкциясына тап болды: министрлік не дейді?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561571/image.jpg.webp)
![«Мені енді тоқтата алмайсың!»: Әнші Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдарды өтірікші деп айыптады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561573/image.jpg.webp)
![«AMANAT»: Қоғамдық қабылдауда қоғамды алаңдатқан мәселелер қаралды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561574/image.jpg.webp)
!["Еркек басыммен неге жыладым?" Аула тазалаушы әйелдің адам танымастай өзгерген видеосы көпті тәнті етті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561556/image.png.webp)
![Бишімбаевқа қатысты апелляциялық сатыдағы сот отырысын қайдан көруге болады?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561557/image.jpg.webp)
![Ішкі істер вице-министрі Түркия жандармериясының өкілін қабылдады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561539/image.jpg.webp)
![Қазақстандық студент БРИКС V спорттық ойындарының жүлдегері атанды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561543/image.jpg.webp)
![Нидерланды мен Австрия арасындағы кездесу күтпеген нәтижемен аяқталды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561569/image.jpg.webp)
![Копа Америка-2024 қандай болады, кім чемпион атанады және Pin-Up KZ пікірі бойынша қандай командалар таң қалдырады?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561523/image.jpg.webp)
![Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561033/image.png.webp)
![Шымкентте бес айдың ішінде кәмелкетке толмаған 55 қыз босанған](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1560828/image.jpeg.webp)
![Қызын өлтіріп, аттракционнан секіріп кеткен: Алматыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1560792/image.jpeg.webp)
![Қазақстанда жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1560688/image.webp.webp)
![Алматыдағы фонтан маңында болған қайғылы оқиға: жасөспірімнің өлімінің себебі әлі белгісіз](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1560333/image.jpeg.webp)
![Қатаң шаралар қабылдаңыз - Бектенов жылу беру маусымына қатысты тапсырма берді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1560122/image.jpeg.webp)
![Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1007081/image.jpeg.webp)
![Желіде қызды ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео тарады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1554348/image.jpeg.webp)
![Алматы жаһандық бизнес орталыққа айналады: әлемдік көшбасшылар тарихи форумға дайындалып жатыр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1553859/image.png.webp)
![Капиталистік жүйеде постколониализмнің орны қандай?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1551928/image.jpg.webp)
![Есіртке мас күйде ұсталған: Төреғали полицейлер туралы клип түсірді (ВИДЕО)](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561354/image.jpeg.webp)
![Ұландық оқушылардың жазғы демалысына толық жағдай жасалмақ](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1560892/image.jpeg.webp)
![«Өз халқын сорлы көрсетуден жарыс болса, бірінші орын беруге болады»: Ғалым Қытайда жүлде алған қазақ киносын сынады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561030/image.jpg.webp)
![Түлкібаста жүк вагонының рельстен шығып кетуінен 10 бағыттағы пойыз кешігіп жатыр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561470/image.jpg.webp)
![Түлкібаста жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кету себебі белгілі болды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561403/image.jpg.webp)
![Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561334/image.jpg.webp)
![Дәстүрге айналған «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561274/image.jpg.webp)