6 сағаттан аз ұйықтайтын адам ерте қайтыс болуы мүмкін

«Қанша ұйықтасам да, ұйқым қанбайды». Қазір кімнен сұрасаң, бәрінің айтатыны осы. Бірінің басы ауырады, енді бірі кофесін құшақтаған күйі күнін өткізеді. Психологтар мұны күйзеліспен байланыстырса, дәрігерлер денсаулықтың нашарлығынан дейді. Ұйқының адам үшін маңызды екені белгілі ғой. Бірақ, неге біз 10 сағаттап жастықта жатсақ та, күні бойы мең-зең боп жүреміз? Сіз де осыны айтып, қиналып жүрсеңіз, әріптесімнің сергек жүріп дайындаған сюжетін көріңіз.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Мен үшін таңды бір шыны кофесіз бастау қиын. Басым ауырады, мең-зең боламын. Қанша ұйықтасам да, ұйқым қанбайды. Амал жоқ, жұмысқа бару керек болғандықтан кофемді сіміріп аламын да, әрі қарай аялдамаға асығамын. Аялдамада автобус келгенше көз шырынын алу – менің әдетім. Бір жерге сүйеніп болсын, мызғып алатыным бар. Ұйқылы ояу адамға халықтың көзқарасы осындай. Шаршаңқылық бәрінің басынан өтсе керек, ешкім тұр деп айқай салмады. Сөйтсем, біраз адамның мәселесіне айналыпты. БЛИЦ-САУАЛНАМА: – Ұйқыңыз қанды ма бүгін? – Жоқ, қанған жоқ. – Қанша сағат ұйықтадыңыз? – 4 сағат, кино көрдім. –Жоқ, ұйқымен күресіп жүрмін. – Қай уақытта ұйықтайсыз? – 2-3-ке таман. – Таңертең қаншадан тұрасыз? – 5-жарымда. – Уақыты ұйықтайсыз ба? - Жоқ. Ана болған соң 5-6 сағаттай ұйықтаймын. 6 сағаттан аз ұйықтайтын адам ерте қайтыс болу мүмкін. Өйткені түнде ең маңызды гормондар бөлінеді. Ал адам 12-ден кейін ұйықтаса, оның иммунитеті төмендейді. Ауруға шалдығады, денесін шаршаңқылық басады. Жаниба ЕРБОЛАТҚЫЗЫ, ДӘРІГЕР: 10-да жатып, таңертең 7-де. Яғни, 8 сағат уақыт. Осы бір заңдылыққа үйретсе, адамның организмі міндетті түрде ұйқысы қанады. Біз заман талаптарына сәйкес, белсенді өмірімізге байланысты, қазір біз соткада көп жатамыз. Ұйқының алдында дұрыс тамақтанбаймыз. Немесе кофеин қолдануымыз мүмкін. Көп су ішуіміз мүмкін. Осындай ұйқы гигиенасын сақтамау, адам ұйқысының қанбауына әкелуі мүмкін. Әлемдегі 8 миллиардқа жуық адамның төрттен бірі ұйқысыздықтан зардап шегеді. Әсіресе, көктем мезгілінде адам әлсірейді. Басын жастық тартып, ешнәрсеге зауқы соқпайды. Психологтар оның себебі мынада дейді. Гүлдана НҰРБОЛАТҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ: Адам қатты күйзеліс болған кезде, бойындағы стресстен арылу үшін көбіне көп тамақ ішеді немесе ұйқыға бейім болады. Өміріміздің үштен бір бөлігі ұйқыдан тұрады. Егер сіз 90 жыл өмір сүрсеңіз, оның 30 жылы ұйқымен өтеді. Адам күніне 8, айына 240 сағат, жылына 120 күн демалады. Осының өзінде үнемі ұйқысырап жүретіндер бар. Мамандар оларға спортпен айналысып, дұрыс тамақтануға кеңес береді. Тіпті уақытылы оятатын арнайы мобильді бағдарламаны қолдануды ұсынады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Садраддин Ахмедов салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті (ВИДЕО)
Цифрландыру жұмысы: Түркістан облысында білім мекемелері қалай дамып жатыр?: 13 желтоқсан 2024, 12:35 - жаңалықтар Tengrinews.kz
«Алаш көсемі және ұлт тілі» зерттеуіне рецензия
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады