Ертең «AMANAT партиясының кезектен тыс XXV съезі өтеді. Саяси ұйымның жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Бұқара алдағы съезде бірқатар мәселенің түйіні тарқатылатынына сенімді. Әсіресе, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталатын бұл жиын, қордаланған проблемаларды дер кезінде шешуге мүмкіндік беретінін айтады.БЛИЦ: АСТАНА - Съезден біз жақсы жаңалықтар күтеміз. Мысалға медицина жағы жақсарғанын қалаймыз, білім жағын айтқым келеді. Біріншіден жатақханалар көп болғанын қалаймын, жатақхананың ішіндегі жағдайдың жақсы болғанын қалаймын. Көптеген гранттар бөлінсе екен. - Қарияларға немесе қара жұмыс істейтін өкіл азаматтарымызға жылына бір рет болсын ем-шара алуға мүмкіндік берсе. - Халықты өзіне көп тарту үшін «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасында неғұрлым көкейтесті мәселелерді көтеріп, соны орындауға тырысатын шығар деп ойлаймын. ПАВЛОДАР - Күтетін көптеген жаңалықтарымыз бар. Ол бірінші, партиямыздың 75 пайызы жаңа адамдар келіп жатыр жаңа тізімдер. Оның 31 пайызы әйел адамдар. 29 жасқа дейінгі жастарды қабылдап жатыр. Оның өзі біз үшін керемет көрсеткіш. - Ең бірінші рөлдердің бірі жер мәселесі мен жастар мәселесі деп ойлаймын. Бұл съезд еліміздің халқымыздың өркендеуіне және де бейбітшілігіне алып келетін алғашқы қадамдардың бірі деп ойлаймын. Жаңа Қазақстанды құру үшін. - Бір атап өтетіні жаңа адамдар келеді. Жаңа оймен, жаңа пікірмен келеді. Жаңа бір деммен келеді десек болады. Сол себепті алдамыздағы сайлау сонысымен қызықты болайын деп тұр. Қ. Мерей