7 балдық кептеліс: жол жөндеу жұмыстарына байланысты Астананың сол жағалауында көлік қозғалысында қиындықтар туды

Астанада бірнеше күннен бері қолданбалар мен карталарда жолдардың көбі "қою қызыл" түсті көрсетіп тұр – жол жөндеу жұмыстарына байланысты қазір кептелістер 7 балдық көрсеткішке жеткен.Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.  Елордада кептеліс бойынша әдеттегі балл – 5, таңертең астаналықтар жұмысқа немесе балаларын мектепке апарған кезде қолданбалар негізінен осы санды көрсетеді. Жазда оқушылар демалысқа шығып, елорда көшелерінде көлік азайып, кептеліс болмайтын. Алайда биылғы жаз бұрын-соңды болмаған көлік кептелісімен басталды. Астананың сол жағалауындағы көп көшелер қосымшада "қою қызыл" түсті көрсетіп тұр, ал кей жерлерде тіпті "қара" түсті көрсетеді. Карталардағы "қара" түс жол жөндеу жұмыстарына байланысты көшенің толық жабылғанын білдіреді. Қазір Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдары мен олармен қиылысатын көшелердегі жағдай күрделене түскен. Сарайшық көшесінің Тұран даңғылынан Момышұлы даңғылына дейінгі бөлігі толығымен қара түспен белгіленген – мұнда 17 маусымға дейін жөндеу жұмыстары жүреді.  "Сарайшық көшесінің Б.Момышұлы даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі бөлігінде осы жылдың 13 маусымы сағат 21:00-ден 17 маусым сағат 06:00-ге дейін жол бөлігінің үстіңгі қабатын төсеу жоспарлануда. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмауы үшін бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында. Астаналықтар онлайн карталар қосымшасында жол-көлік оқиғалары мен жолдардың жабылуына шағымданып жатыр. "Қандай данышпан бәрін жауып тастауды ойлады екен", "Кептеліс", "Бәрі мұңды", "Жаяу жүрсем ендігі жетіп алатын едім" - деп шағымданған жүргізушілер.  da-qiyndyqtar-tudy/

Читать источник astanatv.kz/kz/
"AMANAT" партиясының депутаты өрттен кейін баспанасыз қалған көпбалалы отбасына көмектесті
Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық ережелердің жаңа нұсқасын жариялады
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
«Жаман жолға түспеңдер!»: Cарбаздарын үйіне шығарып салған сержантқа көпшілік риза болды (ВИДЕО)
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен
Хоккейден жастар құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
“Жеңіске аз қалды“. Сәби сүйе алмай жүрген блогер жаңалығын айтты
"AMANAT" партиясының депутаты өрттен кейін баспанасыз қалған көпбалалы отбасына көмектесті
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады