70 жастағы әжей егіз бала тапты

Угандада 70 жастағы әйел егіз босанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Сафина Намуквая ЭКО әдісімен жүкті болып, өмірге егіз баланы аман-есен әкелген. Угандалық қыз бен ұлдың анасы атанған әйелге кесарь тілігі жасалған. BBC News жазуынша, Сафинаның өзі балалардың дүниеге келуін керемет деп атады. Зейнеткер ана өзін жақсы сезінеді. Кампала қалалық ауруханасы 70 жастағы ананың егіздерді өмірге әкелуін тек медициналық жетістік қана деп санамайды. "Бұл адам рухының күші мен төзімділігі туралы әңгіме", - деп атап өтті дәрігерлер. Намуквая Африканың ең қарт анасы атанды. Ол балаларды жалғыз өзі тәрбиелемек. Өйткені Сафина егіз күтеді деген жаңалықты естіген бойда, баларадың әкесі ажырасып кеткен. "Ер адамдар бірнеше баланың өмірге келетінін ұнатпайды. Мені осында қабылдағаннан бері ол ешқашан келген емес", - деді әйел. Бұл Намукваяның соңғы үш жылда екінші рет босануы. 2020 жылы ол қыз туды. Сафина тұңғышы дүниеге келгенге дейін адамдар оның балаларының жоқтығынан мазақ еткенін айтты. "Мен басқа адамдардың балаларын бақтым, олар ержетіп, мені жалғыз қалдырды. Мен қартайған кезде маған қамқорлық жасайтын ешкім болмайды деп ойладым", - деп түсіндірді ол ұрпақ әкелгісі келетіндігін. Ақпаратқа сәйкес, Намуквая балаларын дүниеге әкелу үшін донорлық ұрықты немесе бұрын мұздатылған ұрықты пайдаланғаны белгісіз. Сондай-ақ, Сафина менопаузадан өткен, өтпегені де белгісіз. Ол әдетте 45 пен 55 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Көз жасын көрдім»: Алтынай Жорабаева күйеуінің нені армандайтынын айтты (ВИДЕО)
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды