"7000-нан аса бала мектепке бармайды". Павлодар облысында әлеуметтік мәселелер ушығып тұр

Павлодар облысында әлеуметтік салада қордаланған проблема шаш етектен. Әсіресе, білім беру және денсаулық сақтау саласында өзекті мәселелер көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Мәселен, өңірде 2 мен 6 жас аралығындағы бала бақшамен қамтылмаған балақайлардың саны 14 500 екені анықталған. 3223 бүлдіршін бүгінгі таңда кезекте тұр. Отбасылық цифрлық карта дерегіне сүйенсек, 6 мен 18 аралығындағы жеті мыңнан аса бала мектепке бармайды екен. Оның алпыс бесінің жасы тоғыздан асып кеткен. Ешқайда тіркеуде жоқ. Үш жарым мың бала тіркелген мекен жайы бойынша тұрмайды. Павлодар облысында 149 дәрігер жетіспейді. Өңірге 37 кардиолог маман керек. Успен, Аққулы аудандарында хирург пен травматолог маман мүлде жоқ. Ал, Екібастұзда зейнетке шыққан дәрігер, хирург әрі травматолог болып жұмыс істеп жүр. Облыста дүниеге келетін сәбилердің 20%-ы Екібастұз қаласының еншісінде. Демографиялық өсімі жоғары шаһарда УДЗ мен аниграф жоқ. Керекуге келген сапары барысында осындай жағымсыз деректерге көз жеткізген Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, салаға жауапты облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманованың жұмысына қанағаттанбады."Асайын Қуандықұлы, білім беру мен денсаулық сақтау саласында қордаланған проблеманы көріп отырмыз. Осы екі саланы басқа орынбасарыңызға жүктеңіз. Қаржы саласына жауапты орынбасарыңызға беріңіз, бөлінетін қаражатты да өзі қадағалап отырады", - дейді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов.Аймақта жастар саясаты мәселесінде де көңілге қонымсыз жайттар көп. Облыс жастары мемлекеттен берілетін қолдаулардан хабарсыз. "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша Павлодар облысына 1,5 млрд теңге бөлінген болса, осы күнге дейінт оның бір тиыны да игерілмеген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл деп танылды
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Алматыда жанжал кезінде жарақат алған полицей ауруханада көз жұмды
Депутаттар қостанайлық кәсіпкерлермен тауардың шығу тегі туралы жаңа заң жобасын талқылады
Белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы қайтыс болды
Қытайлық компания қазақстандық арпаны жеткізуге қызығушылық танытып отыр
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл деп танылды
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 миллион теңгені жымқырған
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
Tesla-ның 239 000 көлігінде камераның ақауы табылды, оларды кері қайтарып алмақшы
Қайрат Нұртастың әйелі бір ай бойы басқа қалада тұратынын айтты
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық шетелде қамауға алынды
Ақмола тұрғыны чат-рулеткадағы әңгімесінен кейін сотталып кетті
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті