73 жастағы қазақстандық зейнеткер Түркияның Самсун қаласына жаяу жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Түркияға сапарын қазақстандық зейнеткер Сәрсенбай Қотырашев Атыраудан 2 тамызда бастаған. Саяхатшы Instagram желісіндегі парақшасына Түркияның Самсун қаласына жеткені туралы жазба жариялады. "Әсем порт қаласы Самсунда өзіміздің қазақстандық студенттермен кездесу", - делінген жазбада.