Тик-ток желісіне 78 жастағы әженің ұзатылып жатқан видеосы тарады. Той қазақтың салт-дәстүрі, жөн-жоралғысымен өткен. Сондай-ақ беташар болып, тойбастар таратылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Тұрмысқа шығып жатқан “қалыңдықтың” құрбылары биден шашу шашып, той көркін қыздырды. Желі қолданушылары әжейге бақыт тілеп жатса, бірі сенбей жатыр. Арасынан “Алтын тойлары шығар” деп күмәнданғандар да табылды. Тойға қатысқан қонақ: ”Бұл менің құрбымның тойы” деп тойдың өткенін растады. “80 жасқа таяған әже деп айтпайсың, өте жас көрінеді. Әдемі қартайған” деп “қалыңдықтың” сыртқы келбетіне қатысты жағымды пікірлер де жоқ емес.