8 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою шаралары жөнінде кеңес өткізді. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен тиісті министрлер тыңдалды. Бүгінде 8 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды.Үкімет басшысы вице-премьер бастаған әлеуметтік блок министрліктеріне төтенше жағдайға тап болған тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.  Уақытша баспанамен қамтамасыз ету"Су тасқыны басталғаннан бері 86 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі таңда уақытша орналастыру пункттерінде 8 472 адам тұрып жатыр. Эвакуациялау – уақытша шара. Үйлері тұруға жарамсыз деп танылған отбасылардың барлығын уақытша баспанамен қамту қажет", — деп атап өтті Олжас Бектенов. Сонымен бірге қоныс аударғанға дейін эвакуациялау пункттерінің жұмысын қолдауға ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Әкімдіктер тұрғындарды сапалы азық-түлікпен, тиісті санитариялық-гигиеналық құралдармен, қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз етуі керек. Өз кезегінде, эвакуациялау пункттерінен уақытша тұруға қоныстандыру процесі икемді болуы керек. Егер су тасқыны болып өткен өңірлерде тұрғындар үйлерінде қалуды қаласа, әкімдіктер тиісті көмек көрсетуі қажет. Сонымен бірге, ұрлық-қарлыққа жол бермеу үшін қараусыз қалған үйлер Ішкі істер министрлігінің бақылауында болады. Білім беру "Қазіргі уақытта еліміздің он өңірінде ТЖ режимі жарияланған. 130-дан астам мектеп қашықтан оқыту форматына көшірілді, бірақ эвакуация аймақтарындағы балалардың оқу процесі үзіліп қалды. Білім министрлігіне мектеп оқушыларын ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатуды тапсырамын. Сонымен қатар оларға жоғалтқан уақыттарының орнын толтыруға әрі қарай да көмектесу қажет" — деп атап өтті Премьер-министр. Сонымен қатар су тасқынының белсенді кезеңі аяқталғаннан кейін апатты аймақтардағы мұғалімдер мен оқушыларды техникалық құралдармен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау тапсырылды. Денсаулық сақтау "Біз ТЖ режиміндегі өңірлердің кейбір тұрғындары эпидемиологиялық жағдайға алаңдайтынын, зардап шеккен халық арасында жұқпалы аурулардың өршуінен қауіптенетінін көріп отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігіне мәселені ерекше бақылауда ұстап, тұрғындарды ақпараттандыруды тапсырамын. Өңірлерде су тасқыны жағдайы тұрақталғаннан кейін аумақтарды тазарту және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу, су құбыры жүйелері мен құрылыстарын, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау бойынша кешенді шаралар жүргізу қажет. Әкімдіктерге су жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді", — деді Үкімет басшысы. Эпизоотиялық жағдай Су басқан аймақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Республикалық эпизоотияға қарсы жасаққа облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жануарлардың өлексесін жинау мен жоюды жедел аяқтау тапсырылды. Жою шараларын жүргізу үшін тиісті жабдықтар, қызметкерлер және қажетті дезинфекциялық құралдар қарастырылған. Инфрақұрылымды қалпына келтіру "Үйлердің құрылысы бойынша жеке тұрғын үйдің үлгілік жобасы әзірленуде. Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, атап айтқанда мектептер мен балабақшалар, ауруханалар мен емханаларды жөндеуге басымдық беру маңызды. Құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстау керек", — деді Олжас Бектенов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде генерал Жансен Кереевті еске алды
Алматыда алаяқтықпен айналысқан екі адам қамауға алынды
Қазақстан құрамасы теннистен United Cup турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Елордада автокөлік ұрлаған адам ұсталды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
2025 жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді