83 адамды өлтірген қылмыскерге тағы бір үкім шықты

Иркутск соты бұған дейін 83 адамды өлтіргені үшін сотталған, оның ішінде екі рет өмір бойына бас бостандығынан айырылған «ангар маньягі» Михаил Попковқа қатысты төртінші үкімді шығарды. Жаңа іс бойынша, оның жазасына тағы 10 жыл қосылды.«Попковқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Иркутск облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен. Ол Ресей федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 2-бөлігі «а» тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) бойынша айыпты деп танылды. Тергеушілер мен сот оның 1997 жылы Иркутскінің Жилкино ауылында 27 жастағы әйелді өлтіруге қатысы бар екенін дәлелдеді. Ол сондай-ақ 1998 жылы Иркутскідегі Ангар өзенінің жағасында 25 жастағы әйелді, 2003 жылы Иркутскінің Ново-Ленинск зираты аумағында 31 жастағы әйелді марқұм еткен. Маньяк екеуін буындырып өлтірсе, үшіншісіне көптеген пышақ жарақатын салған. Попков Ангар қаласының ішкі істер органдарында 1998 жылға дейін жұмыс істеп, сол жылы шығып кеткен. Экс-миллионерге өмір бойына бас бостандағынан айыру туралы алғашқы жаза 2015 жылы тағайындалды. 2018 жылдың желтоқсанында сот оны екінші рет өмірінің соңына дейін қамауда ұстау үкімін шығарды. Психологиялық-психиатриялық талдау қорытындысына сәйкес, Попковтың қылмыс жасауына гомицидомания, яғни адам өлтіруге деген құмарлық себеп болған. Соған қарамастан ол ақыл-есі дұрыс деп танылды. 2020 жылдың шілдесінде Тергеу комитеті экс-миллионер тағы екі адамды өлтіргенін мойындағанын хабарлады, 2021 жылы сот оны тоғыз жыл сегіз айын абақтыда өткізу үкімін шығарды. 2022 жылы Попков Иркутскіде тағы да үш әйелдің өліміне қатысы бар екенін мәлім етті. Ол Мордовиядағы қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өмір бойына белгіленген жазаны өтеп жатып, кінәсін мойындап хат жазған. Попков ең қанішер маньяк деп танылды. Ол «ростов маньягі» Чикатилодан да көп адам өлтірген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады