Алаяқ қарағандылықтардан 86 миллион теңгеден астам ақша ұрлап, букмекерлік кеңседе бәс тігу арқылы жоғалтып алған.Полицейлердің мәліметінше, Қарағандыдағы ұйымдары бірінің 23 жастағы заңгері өзін жеке кәсіпкер ретінде таныстырып, компьютерлік техниканы сатып алу бойынша тиімді тендерлер туралы ақпарат таратқан. Ол кәсіпкерге қомақты пайданы үәде етіп, еліктіретін ұсыныс жасады. Бірақ ақшаны оның банктік шотына аудару шартымен. Осыдан кейін Қарағанды тұрғыны ер адамның банк шотына 41 миллион 500 мың теңге аударды. Ақшаны алған ер адам жоғалып кетті. «Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер алаяқты анықтады. Ол Қарағандыдағы ұйымдары бірінің 23 жастағы заңгері болып шықты. Ол жәбірленушіні алдағанын түсіндіріп, өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған ақшаны қылмыскер букмекерлік конторада ставкаға құрытқан», - деді Қарағанды облысының полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов. Полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас 12 фактіге қатыстылығын анықтады. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 86 млн 400 мың теңгені құрады.