873 үй салынып жатыр

Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары бойынша есеп берді: -Су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары Үкіметтің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатыр. Қазір 61352 адам өз үйлеріне оралған. Эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға (5452 адам) барлық қажетті көмек көрсетілуде. -26 мыңнан астам отбасына 100 АЕК мөлшерінде бірреттік төлем беру үшін 10 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген (жалпы, 32655 өтініш келіп түскен). Бұл жұмыстар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында толықтай аяқталған; -Солтүстік Қазақстан облысында бірреттік қаржылай көмекті 6090, Қостанай облысында 4085, Атырау облысында 3730 отбасы алған; -зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда баспаналары қираған 239 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге қоныстанған. Атап айтқанда, Қостанай облысында 146, Ақмола облысында 57, Ақтөбе облысында 28, Қарағанды облысында 6, Павлодар облысында 2 баспана тұрғындардың игілігіне берілген; -өңірлерде 873 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, Батыс Қазақстан облысында 357, Қостанай облысында 88, Ақтөбе облысында 153, Атырау облысында 70, Солтүстік Қазақстан облысында 200, Павлодар облысында 5 тұрғын үй салынып жатыр; -қазірге дейін 891 отбасыға үйлерін жөндеу және қалпына келтіру шығындары үшін жалпы сомасы 1,9 миллиард теңге көлемінде өтемақы төленген; -жалпы, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 11137 тұрғын үй тексеріліп, 7863 нысанды бағалау жұмыстары аяқталған; -бағалау ісінің аяқталуына қарай, зардап шеккен тұрғындарға аса қажетті дүние-мүлік сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша өтемақы төленіп жатыр. Сондай-ақ өлген малдың өтеуі үшін мемлекеттен бөлінген қаржылай көмектің көлемі 1,3 миллиард теңгеден асқан; -мемлекет қолдауынан бизнес те тыс қалмайды. Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу механизмдері анықталып, тиісті жұмыстар басталып кетті. Бүлінген үй мен мүлікті жедел бағалау үшін қосымша ресурстар тартылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
Күн күрт суытады
Қарағандыда автобус өртенді
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан