"9-20-25" бағдарламасы қашан іске қосылады?

Биыл елімізде 8 мыңнан астам адам жаңа бағдарлама арқылы баспаналы болады. Отбасы банкі халықты баспанамен қамтамасыз етуде "9-20-25" бағдарламасын ұсынды. Бағдарламаға жылына 150 млрд теңге қаражат бөлінеді деп жоспарланған. Оның 100 млрд-ы нарықтан тартылса, 50 млрд теңге "Отбасы банкінің" таза кірісінен түседі. Биыл баспана нарығындағы басты жаңалық - "9-20-25" бағдарламасы. Әлі іске қосылмаса да, біраз сынға ұшыраған бағдарламаның қалай жүзеге асатыны белгісіз. Мамандар бағдарлама көктемде іске қосылады, дейді. Жансұлтан МАТАЙ, "ОТБАСЫ БАНКІ" АҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл бағдарлама толығымен Отбасы банкімен өзінің қаражаты және нарықтағы қаржы тарту көздерінің сол арқылы шешіледі. Бұл жерге Қазақстан Республикасының, яғни әрбір азаматы қатысуына мүмкіндігі бар. Бірақ сол соңғы бес жылда өз жаңағы анау отбасы мүшелерінің атында үй болмауы басты шарт. Бірақ "9-20-25" бағдарламасы нарықтағы үй бағасының қымбаттауына әсер етеді дейді сарапшылар. Әсіресе, банк пен бағдарламасыз үй алатындардың қалтасына артық салмақ салуы мүмкін. Бауыржан ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ: Қазақстандағы тұрғын үйде кезекте тұрған халықтың саны кем дегенде жарты миллионнан асып отыр. "9-20-25" бағдарламасы, яғни банктерге мемлекеттен қаражат аударылып, ол халыққа беріле бастағанда уақытта бізде ажиотаж болады. Ажиотаждың соңы тек қана мегаполистерде емес, барлық өңірдерде үйдің бағаларын тағы да 25-30 пайызға қымбаттап кетуін көреміз. Үйдің бағасы төмендесін деп жүргендер ертерек баспана мәселесін шешіп алғаны жөн. Себебі енді ол арзандамайды, дейді мамандар. Бағаның қымбаттауына ең алдымен инфляция және құрылыс заттарының құны әсер етеді. Нұржан ТӨКЕНОВ, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК АГЕНТТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Дәл қазір үйдің бағасы қымбаттаған жоқ. Бірақ жаңа бағдарлама іске қосылғаннан кейін сатушылар бағаны көтеріп жіберуі мүмкін. Себебі бұған дейінгі баспанаға арналған бағдарламалар басталғанда үйдің бағасы қымбаттайтын. Бағаның көтерілуіне тағы бір себеп -доллар құнының өсуі. Дегенмен, жаңа бағдарламаға үміт артып отырған жан көп. Әзірге бағдарламаға бөлінетін қаражат соммасы ғана белгілі. Жылына 150 млрд теңге қаралған. 8 мыңнан аса адам 20 пайыз алдын ала төлем арқылы 25 жылға 9 пайыздық мөлшерлемемен баспаналы болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Үстінен екі рет мыжып өткен». Семейде бойжеткенді қағып өлтірген жүргізушіге жеңіл жаза берілген
Жалға үй іздеу кезінде қалай алаяқтарға алданып қалмауға болады?
Лос-Анджелестегі орман өрті: мерт болғандар саны 16 адамға жетті
Стюардессамен сөзге келген спортшы рейстен түсірілді
Чехияда мейрамхана жарылды: алты адам қаза тапты
Былтыр 85 экстремистік қылмыс анықталды
«Барселона» ойыншысы Рональд Араухо «Реал Мадридке» қарсы ойнаудан бас тартты
Моңғолия халқы үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде
IX қысқы Азия ойындарының билеттері ресми сатылымға шықты
Діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Ең пайдалы бес жеміс-жидек аталды
Доллар бағамы қандай?
2025 жылы қазақстандықтар неше күн демалады
АҚШ-та Хабиб Нурмагомедовты ұшақтан түсіріп тастады
Лос-Анджелес отты қоршауда: жел өртті басқа бағытқа бұрды, қаза тапқандар саны артуда
Алматы облысында жеке клиниканың дәрігері науқасқа шабуыл жасаған
Көптеген заңбұзушылық бар: Алматы облысында жеке клиника дәрігері пациентке шабуыл жасады
Құтқарушылар тұрғын үйдің жертөлесінде қалған мысықты құтқарды
Туринде өтетін универсиадада хоккейшілеріміздің ойын кестесі
Астанада жол апаты болды: зардап шеккендер бар
Былтыр мал ұрлығының саны 30,5 пайызға азайған
2025 жылы кімдер жұмыссыз қалады? Жоғалып бара жатқан мамандықтар аталды
Бірінші сынып оқушысы ата-анасының атына несие рәсімдеген
Таразда ағаш шеберханасында ауқымды өрт болды