Жоба аясында 8 мың адам тұрғын үй несиесін рәсімдей алады, деп хабарлайды informburo.kz.1 наурыздан бастап Қазақстанда жастарға арналған "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасына қатысуға болады. Бағдарламаны жүзеге асыруға 2024 жылға 150 млрд теңге бөлінген. Жоба аясында 8 мың адам тұрғын үй несиесін рәсімдей алады. Бағдарлама бойынша 20 пайыз бастапқы жарна салып, 9 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға дейін баспана несиесін рәсімдеуге болады. Еске салайық, Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова бұған дейін "9-20-25" ипотекалық бағдарламасына соңғы бес жылда баспанасы болмаған жұмысшы жастар ғана қатыса алатынын мәлімдеген болатын. Бұл мемлекеттік мәліметтер базасы арқылы тексеріледі. Сондай-ақ, бір адамның мемлекеттік бағдарламаға бір рет қана қатыса алуына қатысты қатаң талап қойылып отыр.