9-20-25 және 7-20-25 бағдарламаларының айырмашылығы неде?

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова 2024 жылы іске қосылатын «9-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттарын түсіндірді.«9-20-25» бағдарламасында үміткерде соңғы 5 жылда баспанасы болмауы керек деген шарт жазылады», — деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Сондай-ақ, «Отбасы банк» басшысына жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосқанда «7-20-25» бағдарламасында жіберілген қателіктер ескеріле ме деген сұрақ қойылды. «Біз бұл ұсынысты қолдаймыз. Себебі, Қазақстандық тұрғын үй бағдарламасы үлестік құрылыс нарығының адал әрі ашық болуына зор үлес қосады деп санаймыз. Егер объектіде ҚТҮК кепілдігі болса, нысан құрылысы толық аяқталады. Біз „9-20-25“ бағдарламасына тек дайын тұрғын үй ғана емес, ҚТҮК кепілдігімен салынып жатқан тұрғын үй де қатысуы керек деген ұсынысты қолдаймыз», — деді Ләззат Ибрагимова. Спикер банктің құрылыс салушылармен жиі кездесетінін және қосымша мәселелерді біліп отыратынын айтты. «Мысалы, „7-20-25“ бағдарламасына қатысу саны бойынша шектеулер болған жоқ. Яғни, клиент 2019 жылы пәтер сатып алып, баспана бағасының өсуін пайдаланып, оны сата алды және 2021 жылы қайтадан ипотекалық бағдарламаға қатыса алды. Бұл бағдарламада оған тыйым салынады. Адам тек бір рет қатысады. Бұдан басқа, „9-20-25“ бағдарламасында өтінім беру кезінде 5 жыл бойы тұрғын үй болмауы тиіс. Бұл бағдарламада, сондай-ақ жас ғалымдар бағдарламасында қатаң шарттар бар. Біз мұны мемлекеттік деректер базасы арқылы тексеретін боламыз», — деп толықтырды «Отбасы банк» басшысы. Айта кетейік, Отбасы банк жас ғалымдарға пәтер беретін жаңа бағдарламаны іске қосты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
14 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?
АҚШ долларының бүгінгі бағамы жарияланды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Қарағандыда 12 жастағы өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Тәуелсіздік мерекесіне орай полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды