9 ай бұрын Қарағанды облысындағы Ленин шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасылары тергеуді тездетуді сұрады

«КІНӘЛІЛЕР ЖАЗАЛАНСЫН!». 9 ай бұрын Қарағанды облысындағы Ленин шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан 5 кеншінің отбасы тергеуді тездетуді сұрайды. Өйткені іс бұрмаланып барады. Алғашында төтенше жағдайға үкіметтік комиссия айыпты деп тапқан 20-дан астам тұлғаның саны 6 есеге қысқарып қалған. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Айжан Қуаш анықтап көрді. Ленин шахтасындағы оқиға өткен жылдың үшінші қарашасында болды. 800 метр тереңдікте метан газы жарылып, арты өртке ұласты. Салдарынан 5 кенші қаза тапты. Солардың бірі - Арман Кашкей небәрі 29 жаста еді. Жары Яна кішкентай бүлдіршінімен жесір қалды. Әйел шахтада қауіпсіздік сақталса күйеуім аман қалар еді дейді. Өйткені апаттан бірнеше күн бұрын Ленин шахтасында қауіпті газдың деңгейі кенет арта бастаған. Алайда басшылар ұңғыманы бұрғылауды тоқтатпаған. Яна КАШКЕЙ, МАРҚҰМНЫҢ ЖҰБАЙЫ:  Біз осы таргедияға қатысы бар адамдарды жазалауды сұраймыз. Істі прокуратура да жылы жауып қоймақшы. Алғашында 23 адам айыпталса, қазір 4- ақ адам қалыпты. Олардың кім екенін де айтпай отыр. Неге? Марқұмдардың туыстары облыстық прокуратураға да шағымданған. Алайда облыс прокуроры жапа шеккендермен кездеспепті. Кеншілердің туыстары «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы мен түрлі құзыретті органдардың өкілдері арыздан бас тартуды сұрағанын айтады. Галина ИНКИН, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ: Аударма: Менің ұлым тірідей өртеніп, денесі жарылыстан жан- жаққа шашырап кеткен. Мен баламның бет жүзін де тани алмадым. Мен қалай тыныш ұйықтаймын? Ал «олар сіз неге жетпексіз, бұл табиғи құбылыс»,- дейді. Пәтер береміз арызыңызды қайтарып алыңыз деп те айтты. Сондықтан кінәлі бір адам емес, басынан аяғына дейін кінәлілер жазалануы тиіс. Осылай деген марқұмдардың туыстары «Әділдік жолы» қоғамдық ұйымынан көмек сұрады. Бұл іспен енді заңгерлер айналыспақ. РУСТАМ ТЫНЫШБЕКОВ, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» РҚБ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Менің тәжірибемде тергеу созбақталса арты үнсіздікке апарады да , іс тоқтайды. Туыстары сондықтан алаңдап отыр. Біз түрлі ұйымдармен бірлесе отырып істі бақылап, соңына дейін жеткізуге тырысамыз. Қаза тапқан кеншілердің жақындары тергеуді тездетіп, істі сотқа жеткізуді талап етіп отыр. Облыстықтық прокуратураға бізде арнайы сауал жолдадық.

Читать источник astanatv.kz/kz/
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды