9 айда еліміздің аса маңызды нысандарына жасалған 163,4 миллион кибершабуылға тойтарыс берілген

Президент «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Мекеме қызметімен танысу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінің қазіргі жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді. Президентке Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының, Телекоммуникация желілерін басқару орталығының, сондай-ақ Компьютерлік инциденттерге қарсы ұлттық әрекет ету қызметінің және Зиянды кодты зерттеу орталығының жұмыс процесі мен нәтижелері таныстырылды. Президентке биыл 9 ай ішінде мемлекеттік органдардың ресурстары мен еліміздің аса маңызды нысандарына жасалған 163,4 миллион кибершабуылға тойтарыс берілгені жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ақпараттық инфрақұрылымының тұрақты қызметін қамтамасыз ететін және осы саладағы қауіпсіздікке төнген кез келген қатерге төтеп беретін механизмдерді дамыту маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы аталған қызметті жетілдіру мәселелеріне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық банктер жаңа стандартқа көшті
«Бастысы мамам мәз»: Жаһан Отарғалиев үшінші рет үйленгені туралы айтты
Індет өршуі мүмкін: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қақты
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Жұртшы - жыл құсы
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған
ІІМ: Жыл басынан бері есірткі қылмыстары үшін 6 жасөспірім ұсталды
Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцинацияланды
18 қаңтарда Алматы Онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді
Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI-нің» құрылысы басталды
AZAL ұшағының апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады
СҚО-да спорт кешені бірнеше минут ішінде түгі қалмай жанып кетті
Жыл басынан бері 6 жасөспірім есірткі жарнамасын таратқан
Крещение мерекесінде мұсылмандарға суға түсуге бола ма? ҚМДБ жауап берді
Қарағандыда балабақшадан 82 бала эвакуацияланды
Бектенов техникалық мамандарға арналған тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін айтты
Ақмолада Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды