Төтенше жағдайды жоюға 9 000-нан астам энергетик маман тартылғанҚР Энергетика министрлігінің өкілі Республикалық ақпараттық штабта су басқан өңірлердегі электр желілерінің жай-күйі туралы айтып берді. Шыңғыс Ілиясовтің айтуынша, еліміздің бірқатар өңірінде оң динамика байқалады. Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 1 мыңға дейін, Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 103 абонентке дейін қысқарды. Батыс Қазақстан облысында абоненттер саны 4 есеге, ал Атырау облысында 3 есеге азайды. «Төтенше жағдайды жоюға 9 000-нан астам энергетик маман, 2 145 бірлік арнайы автотехника қатысуда. Электр энергиясының 414 мобильді көзі бар. Алдағы кезеңде кернеулердің әртүрлі класстарындағы электр беру желілерінің 1 867 тірегін қалпына келтіру қажет. Салдарды жою үшін барлық қажетті материалдар бар», - деді ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов ОКҚ алаңында өткен брифингте.Петропавл қаласын сумен қамтамасыз ететін су қабылдағышты электрмен жабдықтауға қатысты Энергетика министрлігінің ресми өкілі «Қызылжар Су» ЖШС су тартудың 1 көтергішін электрмен жабдықтау 4 желіден жүзеге асырылатынын айтты. Есіл өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі және 11, 12 сәуірде мұздың көтерілуі нәтижесінде барлық 4 қуаты зақымдалды. «Трансформатор мен дизель генераторы жеткізілді, бірақ сорғының су басуына байланысты Пестрое көлінде жаңасы орнатылды. Электр бөлігі орнатылып, кернеу берілді. Механикалық бөлікті бүгін шамамен 16 сағатта аяқтау жоспарлануда», - деді Ш.Ілиясов.