"9 рет шығарып жіберді": Баян Алагөзова журналист болып істеген кезін еске алды

Атышулы продюсер Баян Алагөзова 7 жыл жаңалықтар бөлімінде жұмыс істеген кезін еске алды, деп хабарлайды Stan.kz. Баян Алагөзова Forbes басылымына берген сұхбатында өзін 9 рет жұмыстан шығарып жібергенін айтты. “30 жасымда біреуге жалданып жұмыс істегім келмейтінін түсіндім. Мені тоғызыншы рет телеарнадан шығарып жібергенде ешкімге ренжіген жоқпын. Қазір мені жұмыстан кім шығарып жібергені есімде жоқ. Бұл “өзің би, өзің қожа бол” деген белгі болды. Өзің қалағанда жұмыс істеп, қалаған уақытыңда ұйқыдан тұрасың, не түсірсең де өзің білесің. Қазір 20 жылдай уақыт болды өзіме өзім жұмыс істеп келе жатырмын. Бірақ өзімді кәсімкермін деп айта алмаймын. Бизнезте жоспар болады, менде ондай жоқ. Бизнез мен үшін сүйікті ісіммен айналысу. Мен жұмыс істемеймін, сүйікті ісіммен айналысамын. Мен 7 жыл телеарнада жаңалықтар бөлімінде жұмыс істедім. Телеарнада жұмыс істегім келмейтін. Бірақ амал жоқ, ол кезде менің дүркіреген атым да жоқ еді, қолыман ештеңе келмейтін. Жеті жыл бойы жұмыс істеп, барлығын үйрендім”, – дейді Баян Алагөзова. Продюсер жаңалықтар бөлімінде жұмыс істеу қиынға соққан көрінеді. Айтуынша, ол телевизия саласында көп нәрседен бейхабар еді. “Маған айтылған сөздерді 7 жыл бойы жұтып, тек өзгелерді тыңдаумен болдым. Неше түрлі сөздер айтатын. “Қабілетсізсің, саған музыкалық каналда жұмыс істеу керек, журналистикада, жаңалықтар бөлімінде не бітіріп жүрсің” деген сөздердің бәрін үнсіз тыңдап келдім. Олардікі дұрыс: мен мәтін жазу білмейтінмін, сұхбат алу, монтаж жасау білмеймін, ұсақ әрі маңызды дүниелерге назар аударту қолымнан келмейді. Сол себепті 7 жыл жаңалықтар бөлімінде еріксіз жұмыс істедім. Таңертең жұмысқа келуді, сұхбат алуды, өткен-кеткен адамдардан блиц-сұрау алуды, біреудің айтқанымен жүруді жаным сүймейтін. Жеті жылдан кейін өзіме: “Баян, сен мәтін жазу білесің, телевизияның қыр-сырын үйрендің, ірі планның не екенін және оны монжадауды білесің, авторлық жобалардың қалай жасалатынын білесің” дедім. Сөйтіп 27 жасымда өзімнің авторлық жобамды жасадым және ол көрерменнің көңілінен шықты. Бірақ мен ешкімге өштенім әрекет еткен емеспін. Егер ашулансам тек қана өзіме ашуланамын. Себебі мен өз қателіктерімді мойындайтынмын. Егер мені жұмыстан шығарып жіберсе, демек мен соған лайық болдым”, – дейді продюсер.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді