"900-ге жуық қоқыс шығаратын жүк көлігі ескірген" - министрлік

Өңделмейтін қоқыстарды бей-берекет тастағандарға енді айыппұл салынады. Яғни, бұрынғыдай тұрмыстық техника мен ескі жиһаздарды сыртқа шығара алмайсыз. Қоқыс жәшігінің қасына тастай салмайсыз. Жалпы күніне әр адам 1,5 келі қоқыс шығарады. Жылына орта есеппен 5 млн тонна қалдық жиналады. Тек соның 20 пайызы ғана өңделеді. Қоқысты кәдеге жаратуға не кедергі? Дәрібек Бахытбек жауаптылардан сұрады. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:Индонезияда алып кит өліп, асқазанынан 6 келі пластик шықты. Дүйім жұртты дүр сілкіндірген оқиғаны ұмыта қойған жоқпыз. Бір пласктиктің салмағы шашамен 200 грамнан аспайды. Енді есептей беріңіз, ол киттің қанша бөтелкені жұтып қойғанын.Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:Мен балық аулап отырған жоқпын. Су айдындарын бөтелкеден тазартып жатырмын. Әйтпесе, су маржандарынан саны асып кететін түрі бар. Онсызда табиғат жанашырлары 2050 жылы мұхитта балықтан гөрі пластик көп болады деп дабыл қағуда. Пластикалық қалдықтардан жыл сайын 100 миллион теңіз жануары өледі. Осыдан-ақ зиянын бағамдай беріңіз. Жалпы, дүниежүзіндегі әр тұрғын шамамен жылына 300 келіге жуық қоқыс шығарады. Бірақ арнайы жәшікке сұрыптап салатындар саусақпен санарлық. Айнұр СЕЙЛХАН, ЭКОЛОГ:Сайып келгенде тамақ қоқыстары, химиялық қоқыстар бәрі бірге араласқаннан кейін қандай зиян болу мүмкін? Міндетті түрде ол топыраққа, ауаға, суға кері әсерін тигізеді. Содан кейін барып адамзатқа қоршаған ортаға, биосфераға, тіршілік эко жүйесіне, құстарға төрт түлік малға, жан-жануарға тікелей әсерін тигізеді. Бұның зардабы өте қиын Елімізде жылына орта есеппен 5 млн тонна қалдық жиналады. Тек соның 20 пайызы ғана өңделеді. Қоқысты кәдеге жаратуға кедергі көп. Шасалим ШАГАЛИМОВ, ЭКОБЕЛСЕНДІ:Қаржыландыру жағынан қиындықтыр бар. Себебі қабылдау пункттердің санын ұлғайту қажет. Ол үлкен қаражатты талап етеді. Егер қала бойынша қоқыс өткізетін орындар көбейсе, адамдар айналаны қазіргідей ластамас еді. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:Мұнда күніне жарты тоннаға жуық қоқыс келеді. Сосын мына құрылғы арқылы сұрыпталады. Бұдан өткен қалдық осылай ұнтақталып қаппен зауыттарға жөнелтіледі. Қалдықты кәдеге жаратуға болады. Қоқыстан синтетикалық киімдер, жасыл алаң төсеніштері жасалады. Бірақ қайта өңдеудеге жіберетін көліктің өзі жетіспейді. Қолда барының тозығы жеткен. Абылай ӘЛМҰХАНОВ, ҚР ЭТРМ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:Қазір 900-ге жуық қоқыс шығаратын көлік жаңғырту керек болмаса, жаңасын алу керек сондай қажеттілік бар болып тұр. Және де біз айтып кеткен жобалардың ішінде 28 жоба қоқыс шығаратын көліктерді сатып алуға бағытталған. Айта кетейік, елде 3 мыңға жуық қоқыс полигоны бар. Үкімет 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 40%-ға, 2050 жылға қарай 50%- ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Әзірге бұл жұмыстар үшін 200 млрд теңге қарастырылыпты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда атысқандар ұсталды
Түркістан облысында шағын авиацияны дамыту жолдары қаралды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті