Абай облысы көші-қон қызметінің басқарма басшысы мен Полиция департаментінің қызметкерлері пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші-қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында "Бизнеске жол" жобасын іске асыру кезінде "Аргарлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы облыстық филиалының басшысы ұсталды. Ол ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алды деген күдік бар. Арман ТЛЕУКЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Пара сомасы 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейін мөлшерді құрады. Ақшалай қаражаттар агроөнеркәсіптік кешеннің дамыту жөніндегі 21-25 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде бөлінетін несиелерді беру мәселесін кедергісіз шешуге арналған. Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.