Абай облысында 14 қызметкердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2023 жылы 9 маусымда Абай облысының орман алқабында болған өрт дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу).Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қылмыстық іс арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне қабылданды. Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.Сонымен қатар, адамдардың қаза болуына және қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруге әкеп соққан ауыр зардаптарды назарға ала отырып, арнайы прокурор салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеді.Оны тергеп-тексеру аясында жауапты лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне тиіс құқықтық баға берілетін болады.