Абай облысында төтенше жағдай. Күн күрт жылып, тасқын су тұрғындарды әбігерге салуда. 17 мың тұрғынға арналған 150-ден астам эвакуациялық орын дайындалды. Ал Жетісу облысы Бескөл станциясында қарғын су 19 үйдің ауласына кірген. Тобыл өңірінде де тоқсан елдімекенді су басу қаупі бар. Аймақтардағы ахуалды тілшілеріміз толығырақ жеткізеді.Динара ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ:Тасқын су семейліктерді әлекке салып жатыр. Қазір қала көшелерінде техникалар тәулік бойы жұмыс істеуде. Мамандардың айтуынша, осы уақытқа дейін шаһарда 1500 текше метрден астам су сорылды. Табиғаттың тосын мінезімен тұрғындар күні-түні күресуде. Тасқын су тұрғын үйлердің ішіне де жайылған. Екатерина ФЕДЕНЕВА, ТҰРҒЫН:Подъездерді өз бетімізбен судан тазарту оңай емес. Бұрын мұндай жағдайда көршілер бірігіп, тазартып алатынбыз. Қазір пәтерді жалға алушылар көбейген. Олар үй иелеріне сенеді. Мұны біреу қадағалау қажет ғой. Қазір өңірде еріген қар суынан тазарту жұмыстарына 70-ке жуық адам және 20-дан астам техника жұмылдырылды. Азамат ОРЫНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:700-ден астам инертті материалдан бөгеттер жасалған болатын және де 410 қапшық қойылған болатын. сол сулардың барлықы өткізілді. Қазіргі таңда Бақты ауылында, үйлердің аулаларында, үйдің ішінде су жоқ. Көшенің жағалауларында су бар. Сол суларды өзендердің арналарына ағызу жұмыстары жалғасуда. Өскемен қаласында да қар еріп, айнала көлкіп жатыр. Қаладан қар шығару жұмыстары мұнда да қызу жүргізілуде. Көктемгі су тасқынына байланысты қалада жедел желі іске қосылды. Баспанасын су шайып кету қауіпін байқаған тұрғындар 53-25-77 және 8-777-331-85-36 телефон нөмірлеріне хабарласа алады. Динара ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ:Тасқын су тек шығыс жұртшылығын ғана емес, Қостанай облысы тұрғындарының да мазасын қашырды. Өңірдегі ахуал туралы әріптесім ЗС баяндайды. Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:Тобыл өңіріндегі тоқсанға жуық елдімекенді су басу қаупі бар. Әсіресе Қарасу ауданындағы жағдай алаңдатарлық. Бұл ауданда былтыр төрт ауылға су кірген.Биыл тағы қайталануы мүмкін. Қардың қалыңдығына байланысты мамандар осындай болжам жасап отыр. Қарасу ауданына қарасты Қарамырза ауылы Түнтүгір өзеніне жақын орналасқан. Елдімекен ойпаң жерде болғандықтан, қырдан келетін қарғын су осы жерде тоғысатын көрінеді. Өзен арнасынан асқан жағдайда ауылдағы қырық шақты үйді су басуы мүмкін-дейді мамандар. Динара ТҰРСЫНБАЕВА, ҚАРАСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:Биыл өткен жылдарғы қарағанда ылғал мөлшері екі есе көп. Қарамырза ауылының айналасында үш өзен бар. Олар суға толы. Негізгі қауіп төндіретін Түнтүгір өзені. Егер қар күрт ерісе, судың ауылға жайылудан басқа барар жолы жоқ. Қарамырза ауылын алты жыл қатарынан су басқан. Әсіресе 2017 жылы тасқын қатты болыпты. Одан кейінгі жылдары да өзенге жақын 39 үйдің тұрғыны тасқынның зардабын тартып отыр. Бағыт ЖАНТҰРСЫНОВ, ҚАРАМЫРЗА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Былай кіреді үйге, бес сантиметр. Малды шығарып жібереміз. Базға жібереміз. Жылқыларды жібереміз қырға. Өзіміз сол кетеміз школға. Жергілікті билік жыл сайын өзеннің әр тұсынан арық қаздырып, су бағытын сыртқа бұруға тырысады.Бірақ қыр астынан келетін қызыл суға тосқауыл қою қиын. Сондықтан аудан басшылығы алдын-ала қамданып, 150 адамға эвакуациялық пункті дайындап қойыпты. Төсек орын, ас-су, қажетті заттар жеткізілген. Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:Биыл тек Қарасу ауданында тасқынға қарсы іс-шараларға бюджеттен 20 миллион теңге қаралып отыр. Жұртты тасымалдайтын моторлы қайық алу да жоспарда бар.Қалың қар түскен жалғыз Қарамырзаның жағдайы осындай. Алматы облысында да жағдай алаңдатып тұрған секілді, оны әріптесім Мөлдір Жахан айтады. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:Еріген қар суы Алматы облысы жұртын да әбігерге салуда. Қосқұдық ауылында ауа температурасы 5 градусқа жоғарылады. Нәтижесінде елдімекеннің солтүстік-батыс бөлігіндегі егістіктерден мен жазық жерлерден келген қар суы ауылды басып қалды. Су ауылдағы 5 тұрғын үй ауласына кірді. Бұл көшеде барлығы 30 тұрғын үй бар. Төтеншеліктер жиналған суды арықтарды қазу әдісімен бұру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір судың деңгейі төмендеді. Ерсін ЖАГИПАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТЖ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:Осы оқиғаға ТЖД-нен 30 қызметкер, 5 техника бірлігі және 3 мотопомпасы, жергілікті атқарушы органдардан 4 адам және 1 техника жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Сондай-ақ кеше қардың қарқынды еруінің нәтижесінде Жетісу облысындағы Бескөл станциясының 19 тұрғын үйі су астында қалды. Суды бұру жұмыстарына 50 адам және 14 техника жұмылдырылған. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:Бүгін барлық жұмыстар толығымен аяқталды. Мамандар бөгеттер соққан. Сондай-ақ аула учаскелерінен 1262 текше метр суды сорып, құрғатты. Қазір үйлерді су басу қаупі жоқ.