Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы 51 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Құзырлы органның мәліметінше, қоқыс үйінділері «Қазақстан Ғарыш сапары» геопорталының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы анықталды. Қоқыс үйіндісінің ең көп саны Бородулиха, Жарма аудандары мен Семей қаласында екені анықталды. «Қалдықтарды уақтылы кәдеге жаратпау қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіреді, осыған байланысты прокуратураның қадағалау актісі бойынша оларды жою жөнінде шаралар қабылданды», - делінген хабарламада. Бұдан басқа, кінәлі тұлғалар ӘҚБтК-нің 324-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.