Абай облысында халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Көкпекті ауданының полиция қызметкерлері Түркіменстан Республикасының 28 жастағы азаматын рейдтік іс-шараларды өткізу барысында анықтады. Тексеру кезеңінде жас жігіттің өзімен бірге ешқандай құжаттары болмаған, осыған байланысты ол полиция қызметкерлерімен аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қырағы тәртіп сақшысы іздеу тақтасына орналаcтырылған шетелдік азаматты таныды. Ер адамды сот үкімін орындамағаны үшін көрші аймақтың құқық қорғау органдары халықаралық іздеуде деп жариялаған. Ол қылмыстық қудалаудан 2 жыл бойы жасырынған. Полиция шетелдікті ШҚО әріптестеріне тапсырды, олар жақын арада оны экстрадициялау туралы мәселені шешетін болады.