Абай облысында тәртіп сақшылары жалған полицейлерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.Олар ер адамды алдап, оның жеке деректерін иемденіп, содан кейін оның шотынан 925 мың теңге шешіп алған. Жарма ауданының тұрғынын белгісіз адамдар тоқтатып, олар тәртіп сақшылары болып танысып, одан жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынуын сұраған. Жәбірленушінің құжаттары мен биометриялық деректерін суретке түсіргеннен кейін күдіктілер кетіп қалған, - делінген ведомство ақпаратында. Ер адамның шотынан ақша алынғаннан кейін ол жалған полицейлерге тап болғанын түсініп, “102” арнасына жүгінді. Абай облысы Жарма ауданының жедел уәкілдері күдіктілердің ізіне жылдам түсіп, оларды ұстады. Белгілі болғандай, алаяқтықпен БҚО-ның үш тұрғыны айналысқан. Қазіргі уақытта жастар қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде. Олардың ұқсас қылмыстарға қатысуы анықталып жатыр.