Абай облысында комикс арқылы сабақ беретін физика мұғалімі елді таң қалдырды

Абай облысы Семей қаласындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің физика пәні мұғалімі Жасқайрат Нәубетов физика пәнін оқытуда ерекше тәсіл қолданады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.Заманауи мұғалім әлеуметтік желі, компьютер ойындары, комикс-сериалдарды пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырып жүр. Оқушылардың креативті ойлауын дамытуда комикс арқылы физиканы үйретуді қолға алған. Нәтижесінде комиксті салу үшін оқушы тақырыпты зерттейді, ізденеді, креативін қосады, сабаққа қызығады. Жас мұғалім ерекше тәсілмен оқытуды 7,9 – сынып оқушыларына қолданады. «Тығыздық», «Ньютон заңдары», «Энергия сақталу заңы», «Архимед заңы» тақырыптарда комикстер жасап, түсінуге күрделі тақырыптарды жеңілдетіп өткізіп жүр. «Комикс арқылы оқыта бастағанда оқушылардың физика пәніне қызығушылықтары артып, сабақты ынтамен оқитын болды. Қазір жас ұрпақ көп уақыттарын смартфонда өткізеді. Телефонда уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізуде бұл әдіс ұтымды болды. Әсіресе, баланың ойлауын, шығармашылық дағдысын, сурет салу қабілетін дамытады. Сторителлингтің бір тармағы ретінде тақырыбыма қызықтыру үшін күнделікті қолданамын. Қазір оқушылар өздері комикс жасауды үйреніп, жаңа тақырыпты түсінуде пайдаланады»,-дейді Жасқайрат. Жас маман болашақта оқушылар арасында комикстер бойынша жарыс ұйымдастырмақ. Қазір мектепте физика пәнінен тақырыптың күрделілігіне, құрылымына қарай комикс салдырып, дағдыландыруға күш салып жүр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі туралы айтты
14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Басым салалардағы жобалар: 25 мың жұмыс орны құрылады
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
Астана - Челси ойыны: Алматыда қай көшелер жабылады?
Үкімет Ұлытау облысында мектеп салуға 1,2 млрд теңге бөлді
Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады: 12 желтоқсан 2024, 09:37 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қоспаев ісі. "Никольский" базарын шетелдіктерге сатып жібермек болған
Басым салалардағы жобалар: 25 мың жұмыс орны құрылады
8 жасар қазақ баласы шахматтан Азия чемпионы атанды
Алматы әкімдігі 2024 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі көрсеткішті жақсартты
Тоқаев Жапониядағы елшіні ауыстырды
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
"Дарын" сыйлығының иегерлері анықталды
Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісі тағайындалды
Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметінен босатылды
Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде ауыс-түйіс жүргізді
Үкімет: Елде 25 мың жұмыс орны ашылады
Қоспаев ісі: тәркіленген мүлік шетелдіктерге сатылмақ болған
Президент Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісін тағайындады
Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметінен босатылды