Абай облысының прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша табиғат пайдаланушылар мемлекетке 100 млн теңгеден астам сомаға залал өтеді.Прокуратураның талдау нәтижелері бойынша жекелеген табиғат пайдаланушылардың рұқсат құжаттарынсыз немесе белгіленген лимиттерден тыс ластаушы заттарды шығару фактілері анықталды. «Жүргізілген есептеулердің нәтижелері бойынша табиғат пайдаланушылардың әрекеттерінен қоршаған ортаға келтірілген залал 100 млн теңгеден асты, олар прокуратура актісі бойынша мемлекет кірісіне өтелді», - делінген прокуратура хабарламасында. Ведомство мәліметінше, табиғат пайдаланушылардың бәрі қалдықтарды түгендеу және өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындау бойынша міндетті есептерді ұсыну бойынша талаптарды сақтай бермейді. «Осыған байланысты 58 табиғат пайдаланушыға 15 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды және өндірілді», - делінегн хабарламада.