Қойшы қалың тұманның кесірінен отарын айдап жүріп адасып, далада түнеді. 29 қараша күні полицияға ауыл тұрғыны 260 бас қой бағып жүрген жұмысшысының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы арызданған. Ауа-райының қиындығына қарамастан тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын тек Жарма ауданында ғана емес, облыстың көршілес аудандарында да жүргізді. Түнде де қойшыны да іздеді» деп хабарлады Абай облыстық ІІД. Таңертең 43 жастағы ер адам өзі жұмыс істейтін фермадан 15 шақырым жерден табылды. Қою тұманның кесірінен қойшы отарын айдап жүріп адасып қалды.